Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы

Биыл 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Балалар жылына арнап  әртүрлі іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылып өткізілуде. Бала жылында әр білім алушыға көңіл бөлінді деседе болады, метептегі аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасынан шыққан  оқушыларға  «Мектепке жол» акциясы және  демеушілік қолдау көрсету арқылы, балаларға көмек көрсетілді. Мектепте «Балалар жылына» арнап мейірімділік акциялары, викториналық ойындар, сайыстар мен байқаулар, сынып сағаттар мен тәрбие сағаттары, спорттық жарыстар өткізілді және жыл соңына дейін де өткізіледі. Әр түрлі іс-шараға тоқталатын болсақ, шағын орталық тәрбиешілері «Салт-дәтүр және ғұрып», «Театр және балалар» жобасы аясында, ертеңгіліктер мен тәрбие сағаттарын, танымдық сабақтарын өткізді. Мысалы 25 ақпан күні мектебіміздегі шағын орталық тәрбиешісі Елубаева Толқын тәрбие жұмысы бойынша ұлттық нақышта “Ою өрнек қималарымен жұмыс жасау” тақырыбында тәрбие сағатын өткізсе,

Мектепке дейінгі мекемедегі театрланған ойын іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында, тәрбие жұмысының бағыты бойынша, тәрбиеші Қайранбава Ж., балалардың жас ерекшелеріне қарай “Қызыл телпек” атты театрланған қойылым көрсетті және соңында балаларға Қызыл телпек бейнесін боятып, кері байланыс ұсынды.

3 наурыз мектепалды даярлық тобы “САЛТ-ДӘСТҮР” жобасы аясында “ХАНТАЛАПАЙ” ойынын ұлттық салт-дәстүр бағытында тәрбие сағатын өткізді. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Л.Сарсекенова мен А.Ибраимбаева бірлескен жұмыс атқарды, оқушыларға ойын арқылы отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықты дәріптеді.

Жалпы шағын орталық пен мектепалды даярлық тәрбиешілері мен сынып жетекшілердің тәрбие жұмысында әдістемелік жұмыстарға мен жобалар, жоба аясындағы сабақтарға бағыт-бағдар беретін, жетекшілік ететін мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  Дауленбекова Назира Болатбаевна.

 Мектебімізде Ескелді ауданының білім бөлімі ұйымдастырған “ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР-ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШТЫҢ ОРДАСЫ” атты КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫ екі мәрте өткізілді. Алғашқы байқауда оқушыларымыз «Гранпри» иегері атанса, екінші байқауда 1 орынға ие болды. Шілде айының алғашқы демалысы “Домбра күні” байқау жеңімпаздары, ауданымыздың ұйымдастырған «ДОМБРА-PATI» атты мерекелік іс-шарасына қатысып өз өнерлерін көрсетті

Балалар жылына арналған «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ” Телевизиялық сюжет. “Құмар ойындардың құрбаны болмайық” атты бейнеролик.

Бейнежазба мақсаты: Балалардың өз құқын білуі және адами қасиетті жоғары бағалауға бағыт-бағдар беру. Бейнежазбаны түсірген, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері М.Ахметова және Қ. Сауытбанва, рөлдерді сомдаған 7 б сынып оқушылары Ауыпбергенов М, Асхат А. Бейнеролик облыстық байқаудан іріктеліп ІІІ орынға ие болды.

Мамыр айынан бастап  “БАЛАЛАР ЖЫЛЫ-2022” жобасы аясында мектепішілік жоспар бойынша, қазақтың аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың — 110 жылдығына орай Дінмұхамед Қонаевтың  өмірі мен шығармашылығына арналған “Адалдық пен парасаттылық жолы” атты “ЖАС БЛОГЕР” байқауы  жарияланды. Байқауға 9-11 сынып оқушылар  қатысуда, ереже жіберіліп,  білім алушылардың бейнероликтерін ұсынылды, байқау қорытындысы қыркүйек айының соңында өткізіледі. Жұмыс барысы әлі жүргізілуде себебі, қыркүйек айында «Жас журналист» тақырыбында байқау қортындысыда аяқталу барысында.

Жас ұрпақты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі балаларды қорғау, сол себептен білім алушылардың жазғы демалыс күндерін жақсы және қауіпсіз өткізу үшін,  қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескере отырып,  балалардың бос уақытын тиімді пайдалану барысында, «Менің жазғы саяхатым» тақырыбында оқушылар өздерінің отбасымен бірге саяхат жасаған сауықтыру орталықтары, әр түрлі қалалар мен жағажайға барып демалған бейнероликтерін мектеп инстаграмы мен фейзбук сайттарына жарияланып отырды.

Қазақта «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген тәмсіл бар. Бала мықты болып өсуі үшін дұрыс тәрбие мен білім қажет. Ал оған ата-аналар мен бірлесіп жұмыла жұмыс жасаумыз керек.

Н.Б.Дауленбекова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары