Ақын Сара ауылдық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қамқорлық жасау , кітап оқуға шақыру мақсатында «Кітапсыз өмір қараңғы» атты тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.Оқырманға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.Адамдар бір – біріне қайырымдылық , мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Ақын Сара ауылдық кітапханасыныңқызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітапсыз өмір қараңғы» атты тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, кітапханамыздың оқырманы Жарқын Мерейге көңіл күй сыйлау мақсатында оқуға кітап апарылып берілді. Жарқын Мерей 03.08.2000 жылы дүниеге келген, мүмкіндігі шектеулі болса да кітап оқығанды ,ән айтқанды ұнатады. Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітап оқудың қажеттілігін насихаттау. Біз кітап арқылы бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, шығармашылық қабілетімізді, ой – өрісімізді дамытады, кітаптан көп үлгі — өнеге мен тәрбие аламыз. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Әлия Себепова, Ақын Сара ауылдық кітапханасының кітапханашысы