XX ғасырды басындағы оқу-ағарту, ғылым жолындағы өте биік тұлға Ахмет Байтұрсынов болды. Ол алдымен, бастауыш сынып оқулықтарының авторы, екіншіден, алдыңғы қатарлы әдістемелі оқулық жазуда ғана қолданып коймай, қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылыми еңбек жазған. А.Байтұрсынұлына дейін қазақ оқыту әдістемесінен ғылыми еңбек жазған ғалым болмаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы әдістеме заңдылықтарын оқулықтар жазуда іс жүзінде қолданған және әдістемені ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым дейміз.
Елтай ауылдық кітапханасы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Қазақтың рухани көсемі » атты әдеби портрет өткізілді. Оқырмандарымызға “Бір ел – бір кітап” дәстүрлі республикалық акциясы әдебиетіміздің қазынасын дәріптеуге, жастарға рухани-патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Шараға С.Сейфуллин мектебінің оқушылары қатысты. Мақсаты оқырмандарға А.Байтұрсыновтың әдеби портретін жасап, таныстыру. Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Майгүл Мулькаманова, Елтай ауылдық кітапханасының кітапханашысы