Ұстаздар беріп білімін,
Санаға құйды ілімін.
Жаныма жақын ұстаз бен
Мектебім егіз бір ұғым.
Үйімдей ыстық көрінер,
Әрқашан орның білінер
Мектебім – алтын қазығым,
Бас иіп бәрі жүгінер.
Алихан Диязұлы,
5 сынып оқушысы
Абай атындағы орта мектебі
Жүрегінде мейірім бар ерекше
Рахметті айтсақ тағы мың есе
Өлшеусіз ғой еңбегінің жемісі
Бас иеміз біз алдында бірнеше
Ұстаз сөзі түспес тақтан,тұғырдан
Қадіріне жетсек оның бүгін бар.
Бір жылулық сезілсе егер жырымнан
Ұстаздарды ұлағаттап тұрыңдар.
Білім үшін сайлап сан мың қаруын
Шәкірттерін артық көрген бәрінен.
Қанша маған берсең де ұстаз тағылым
Қарызыңды өтегем жоқ әлі мен!
Ақерке Ырысәліқызы,
7 сынып оқушысы
Абай атындағы орта мектебі
Ұстаз деген – ақылшымыз, данамыз,
Мектептегі білім берер Анамыз
Бар білгенін мына бізге үйретіп,
Білім нәрмен сусындаған санамыз.
Ұстаз деген пәк жүректі асыл жан,
Сабақ десе табылатын қасыңнан.
Білім алып, көңілінен шыға алсаң,
Құс ұшырмас онда сенің басыңнан.
Айсері Еркінай,
7 сынып оқушысы
Абай атындағы орта мектебі
Ұстаз дана ұлағатты ұлы есім
Шәкіртіңмен еселенер белесің
Жолдас қылып кітап пенен қаламды
Жеткізетін үлкен шыңға бір өзің
Тағзым ету міндетіміз әрқашан
Әр ұстаздың орны бөлек қарасаң
Екінші ана аталатын бұл жандар
Ақылыңа ақыл қосар орасан.
Жігер Құсан,
7 сынып оқушысы
Абай атындағы орта мектебі
Ұстаз деген жарық күні ғаламның
«Ұстаз екінші ата — ана» демекші біз ұстаздың ұлымыз, біз ұстаздың қызымыз, ал мектеп біздің үйіміз. Біз мектепте білім аламыз, алған білімімізді болашақта өз мамандығымызға қолданамыз. Ал сол білімді бізге ұстазымыз береді. Ұстазымыз бізді қай кезде болмасын түсінеді. Тіпті ол кісілерді ең жақын досымыз десекте болады.
Ұстаз өз шәкіртінің жүрегінен орын таба білген адам. Ұстаз шәкіртінің болашағы жарқын, әрі таршылықсыз болғаннын қалайтын екінші жан .
Мен Абай атындағы орта мектебінің 7 — сынып оқушысы Нұрлан Аякөз боламын. Менің мектебім үлкен әрі өте әдемі. Спорт алаңы өте кең. Спорт алаңы далада да мектеп ішінде де орналасқан. Ал пән бөлмелері жарық, жылы, көздің жауын алады. Маған барлық сабақ қатты ұнайды . Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиет, математика және Қазақстан тарихы пәндерін ерекше жақсы көремін. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Шынар мұғалім береді. Өзі сондай сүйкімді әрі әдемі. Сабақты өте күшті түсіндіреді. Ал математикадан Айтжан мұғалім береді. Ол кісі есеп десе ішкен асын жерге қояды. Сондай талантты. Қазақстан тарихынан Аслан мұғалім береді. Аслан ағай еңбекқор, ақкөңіл.
Ұстаз өмірдің гүлі, ұстаз өмірдің нұры демекші ұстазымызды әрқашанда сыйлайық. Ұстазды сыйлау маңызды бірақ ұстазды да қуантып тұру керек. Ол үшін ешқандай сыйлық я гүл сыйлаудың қажеті жоқ. Ең бастысы сабақты жақсы оқып үздік оқушы болу, ұстаз үшін ең қымбат сыйлық болады. Мен осы мақалам арқылы өзімді білім нәрімен сусындатып жүрген Абай орта мектебінің ұстаздарына алғыс айта отырып, келіп жеткен төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.
Аякөз Нұрлан, 7 сынып оқушысы Абай атындағы орта мектебі