Оқу бағыты бойынша жұмыстар

Бүгінгі қоғамдағы басты талаптардың бірі жаңа заманға сай болашақ ұрпақты озық ұлттық мәдени дәстүр рухына  тәрбиелеп, бәсекеге қабілетті қоғамда өмірге әзірлеу. Бұл міндеттерді  абыроймен орындау үшін оқу — тәрбие жұмыстарына шығармашылықпен  қарап, оның құрамдары мен әдіс – тәсілдерін жандандыру педагогтар  қауымына жаңа міндеттерді жүктеп отыр. Дені сау жан–жақты жетілген  ұрпақ тәрбиелеу осындай мемлекеттік басты міндеттердің біріне жатады.  Баланың денсаулығын нығайтып, дұрыс тәрбиелеу үшін қолданылатын  әдіс-тәсілдер мен құралдар осы міндетті дұрыс жолға қоюдың басты шарты  болып есептеледі.

Ұлттық ойындар — ата–бабаларымыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ұлттық ойындардың ішінде қимылды ойындарды ерекше атап көрсеткен абзал. Қазақ  халқының  қимылды  ойындары, олардың ерекшеліктері, түрлері жөнінде  жан-жақты талдаған.

Балалардың қимыл-қозғалыс  белсенділігін арттыруда қолданылатын құралдардың бастысы және  әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті талданған. Сол себепті  қазақ халқының ұлттық ойындарының  маңызы өте зор.  Халық  ойынды  тәрбие құралы деп  таныған. Ойынды  оқу іс әрекетінде  қолдану  балалардың  ой-өрісін  жетілдірумен  бірге, өз  халқының  асыл мұраларын  бойына  сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Баланың денсаулығын нығайтып, дұрыс тәрбиелеу үшін қолданылатын  әдіс-тәсілдер мен құралдар осы міндетті дұрыс жолға қоюдың басты шарты  болып есептеледі.

Оқу бағдар жұмыстары белсенді тәрбиеші  үшін жан жақты  болуы тиіс

Тәрбиеші ретінде ұлттық ойындармен қосымша  зерттеу жұмыстарында ұйымдастырылған іс –әрекетте қолданса   маңыңызы өтте зор.Мен өз тәжірбиемде  зерттеу жұмыстарын көп қолданамын ол балалар үшін өтте тиімді .Балалар зерттеу жұмыстары арқылы көру ,ұстап ,сезіну ,қол маторикасын дамыта отырып  өз ойларын кретивтті қарым-қатынаста бола алады

Күтілетін нәтижелері:

— Бағдарлама бойынша меңгерген білімдерін  тәжірибе барысында қорытынды жасай біледі;

— Зерттеу жұмыс түрлерін біледі;

— Патриоттыққа, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді;

Гулшат Мамырбаева, Ескелді аудан әкімдігінің  «Күншуақ» балалар бақшасының, тәрбиешісі