«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»
В.Сухомлинский
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді.Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз.Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын ұғымның бірі әдістемелік жұмыстар.
Әдістемелік жұмыс – мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі. Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол — әдіскер.Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ. Кәсіби білім көтеру гуманизмі бұрынғы «Маған тәуелді адамдарға әмір жүргіземін» деген көзқарасты жойып, «Менің мамандығыма мұқтаж адамдарға көмектесемін» деген бағытты ұстанады. Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс.
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттеріне келетін болсақ, ол оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
1.Балабақшаның жылдық міндеттерін орындау.
2.Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай оқу жоспарын енгізу.
3.Оқу бағдарламалары бойынша үлгі жоспарлар мен оқу материалдарын жасақтау.
4. Тәрбиешілердің іс-қағаздарының сауатты жүргізілуі
5. Айлық, апталық тәрбие жоспарлары
Соның бірі – балабақшада балалардың жаздық сауықтыру шараларын тиімді өткізуіне тоқтала кетсек. Балабақшаның жаз кезіндегі жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым тиімді жағдайлар жасау және балалардың танымдық қызығушылығын дамыту болып табылады. Жазғы кезеңде балалармен жүргізілетін іс-шаралар түрлері Таза ауадағы сауықтыру жаттығулары: жаттығу; жүгіру; спорт ойындары; Эмоциялық күйзелісті азайтуға арналған ойындар: саусақтық және артикуляциялық ойындар; логоырғақ; ырғақ сезінуді дамытуға арналған ойындар. Салауатты өмір салты туралы әңгімелер: «Кір қолдар аурулары»; «Егер сау болам десең, шынық!»; «Дені саудың – жаны сау»; «Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы». Ағзаны шынықтыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу. Балалармен жұмыс істеуді дұрыс жоспарлаудың маңызы бар.
Қорыта айтсақ, балалардың дене және психикалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге дұрыс жоспарланған ойын-сауық, танымдық және сауықтыру сипатындағы іс-шаралар жүйесі көмектеседі. Жазғы сауықтыру кезеңі тек белсенді тәрбие және білім беру жұмысына ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші мен балалар, тәрбиеші мен ата-аналар арасындағы психологиялық кедергілерді жеңуге ықпал етеді.
Айдана Нұрланова, Әдіскер – психолог, «Күншуақ» балабақшасы, Көкжазық ауылы