Халықты жұмыспен қамтамасыз ету-әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Осыған орай Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен 2022 жылы қырқүйек айының 27 жұлдызында жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша аудандық мәдениет үйінің алдында «Бос жұмыс орындар жәрменкесі» өткізіледі.
Жерменкеде аудан бойынша бос лауазымдық орындар ұсынылады.
Осы іс-шараға жұмыссыз аудан тұрғындары және жұмыс берушілер шақырылады.
(Бос лауазымдық орындары бар жұмыс берушілер алдын ала Ескелді аудандық халыкты жұмыспен қамту орталығымен тел:31009 хабарласуыңызды сұраймыз).
«Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ