Алдағы 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық шараларын жүргізу аясында, күз айларында жылу беру кәсіпорындарына көмірді жеткізу жұмыстары атқарылады, ол коммуналды-тұрмыстық көмірді тасымалдаушы вагондар санының қысқаруына әкеп соғады. Сонымен бірге, алдағы уақытта көмір жетіспеу салдарынан көмірдің бағасы жоғарлау мүмкіншілігі жоғары. Ескелді ауданы тұрғындары үшін «Сауда көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатты отынмен қамтамассыз етуге арналған тұйығы орналасқан.
Осыған орай, жылыту маусымында көмірдің жетіспеушілігін және әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, Ескелді ауданының әкімдігі қатты отынның қажетті мөлшерін көмір тұйықтары мен қоймаларынан алдын-ала сатып алу керектігін ескертеді.
«Ескелді ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» мемлекеттік мекемесі