ТАРИХИ СӘТТІҢ КУӘГЕРІМІЗ

Өткен жексенбі, яғни 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Ел тарихындағы екінші Президент деп Қасым-Жомарт Тоқаевты дауыс берушілердің басым бөлігі таңдаған болатын. Ал бірер сағат бұрын Елордадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Ұлықтау рәсімі өтетін залға Қазақстанның мемлекеттік туы мен президент байрағы, сондай-ақ, Конституция салтанатты жағдайда әкелінгенін бақылап отырдық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кіре салысымен, жиналған қонақтар оны ду қол шапалақпен қарсы алуы – Елбасыға деген, оның еңбегіне деген зор құрметтің белгісі.

Бүгінгі күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Бастысы, өткен заманның қиыншылығын артқа тастап, алдағы мақсат-міндеттерді еңсеру деп білемін. Қандай жағдай болмасын, біз ең бірінші, елді басқаруды тізгініне алған басшымызға алғысымызды айтып, жұдырық болып еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Жанахмет ИСАБАЕВ,

«Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакторы.