МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Гимн шырқай орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы егімендігімізді аңсағанын түсінесің. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Гимннің заңнамалық мәртебесін белгілейтін тұңғыш заңға қол қойған күнді республика жұртшылығы жоғары көңіл-күймен атап өтуді дәстүрге айналдырды.

4 маусым күні аудандық Мәдениет үйінің алаңында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімшілігі, ішкі саясат бөлімі, мәдениет және мемлекеттік тілдерді дамыту бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттің рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Оңалбаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздерді ұлықтап, жалпы ауданның рухани дамуына үлесін қосып жүрген қызметкерлерге алғыс хат тапсырды. Сонымен қатар, мәдениет және мемлекеттік тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Ерғалиева және жастар ресурстық орталығының маманы Қ.Құрманғалиев аталған күннің маңыздылығына тоқталды.

Мерекелік шара әсем ән мен көркем биге ұласты.

З.ЖҰМАБЕКОВА.