МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ

Облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау сәті Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев марапаттау кешіне арнайы қатысып, сайысқа қатысқан барлық отбасына амандық тілеп, оларды алғыс хатпен және сертификатпен марапаттады. Бойында өнер тұнып тұрған отбасыларды анықтайтын сайысқа ауданымыздан Қасеновтар отбасы қатысты. Олар конкурстың үш кезеңінен мүдірмей өтіп, ІІ орынның тұғырынан көрініп, 300 мың теңге сертификатты иеленді. Биік шыңды бағындырып, конкурста өз өнерлерін ортаға салған Қасеновтер отбасын жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта Қасеновтер отбасына шаңырағының шайқалмай, бақытының сарқылмай, тек биіктерден көріне берсін деп тілейміз.

Алима НҮСІПОВА.