ТАРИХ САБАҚТАРЫ БІЗГЕ ДЕ САБАҚ

Өткен аптада Достық үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихқа тағзым» акциясы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының дөңгелек үстелі өтті.

Жиынға Ассамблея хатшы-лығы, клуб мүшелері және облыс аумағындағы аудан, қала газеттерінің бас редакторлары мен журналистері  қатысты.

Шара барысында 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін ұйымдастырып, өткізу бойынша БАҚ-тың рөлі туралы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов баяндама жасады.  Ол сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы мен өскелең ұрпақ үшін жазықсыз құрбан болған халқымыздың ардақты ұл-қыздарын еске алу қасиетті парыз екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысушы өзге аудандардың редакторлары ой қосып отырды. Отырыс барысында ұсыныстар да назарға алынды.

Сөз кезегі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясынң бас маманы Ә.Ораловқа беріліп, ол этножурналистика саласындағы «Шаңырақ — 2019» шығармашылық байқауының осы жылғы ережесімен таныстырып өтті.

Отырыс қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын насихаттап, газет беттерінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында арнайы айдарлары бар газеттер ұжымы алғыс хаттармен марапатталды.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.