«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасы негізінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі

«Адамзатқа оқып –үйрену  ең алдымен өмір сүруі үшін керек »,-дегендей жаһандануға қарыштап қадам басқан қазіргі заман-жаңашылдықты, тың нәтижелерді, толассыз еңбекті талап етеді. Бүгінгі таңда тәуелсіздігін танытқан, болашағы бағдарлы, келешегі жарқын азат елдің, егемен өлкенің, кең байтақ еліміздің болашағы –білімді ұрпақ десек, сол ұрпаққа саналы тәрбие мен бәсекеге қабілетті  білім беру үлкен ізденіс пен еңбекті талап етері сөзсіз.

Сол мақсатта аянбай еңбек ету жолындағы игі бастамалардың бірі – нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция. «Нәтижесі төмен мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы республикалық жоба барысында жасақталған жоба аясында  «Алматы облысы  білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Жаңалық негізгі орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де қалалық және ауылдық  мектептердің арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты  азайту, нәтижесі төмен   мектептерге   мықты мектептердің   қамқорлығы арқылы білім алушылардың білім жетістіктерін көтеру, ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру, қалалық және ауылдық педагогтер мен білім алушылардың  арасындағы ынтымақтастықты дамыту, мақсатында ұйымдастырылған   игі жоба оң нәтиже берді.

Қазіргі заманға  сай білім берудің интеграциялық үдерістерін дамыту мақсатында еңбек ету арқылы нәтижесі   төмен мектептерге жоғары нәтижелі мектептердің мықты қамқорлығымен  білім алушылардың білім жетістіктерін көтеруде тәжірибе алмасты, қалалық және ауылдық  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін, білім алушылардың оқу мотивацияларын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Талдықорған қаласының №28 IT мектеп-лицейімен Жаңалық негізгі орта мектебі арасында өзара  тиімді әрекеттік жүйесі құрылды. Бірлескен нәтижеге бағытталған  білім берудегі  интеграция жобасы  көптеген педагогтеріміздің жоғары жетістіктерден көрінуіне ықпал етті. Осы жоба аясының  жұмыс жоспарына сәйкес ай сайын іс-шараларға қатысқан мектеп  мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Сабақты зерттеу» — оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі тақырыбында өткізілген коучинг, мектеп директоры Б.Тулендиновтің  «Мектепті тиімді басқару критерийлері» тақырыбында жасаған таныстырылымы,  тарих пәнінің мұғалімі С.Жандильдинова «Тарих сабағында электронды оқулықты қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында жасаған таныстырылымы,  М.Медетбекова және С.Жандильдинова  «Сабақты зерттеу» үдерісіндегі сабақты бақылау түрлері», математика пәнінің мұғалімі Ф.Барбулова «Жиынтық жұмыстарды жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар»,қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Калидолданов және №28 IT мектеп-лицей мұғалімі К.Шарипкулова «Оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруда кедергілермен мүмкіндіктер»  тақырыбында, орыс тілі пәнінің мұғалімі Э.Кенешева  «Особенности критериального оценивания» тақырыптарында өткізген  шебер сыныптары,  жобаның қорытынды кезеңін шығару үшін «Педагогтердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттырудағы түйінді идеялар» тақырыбында Жобаға қатысушы мектептермен фасилитацияланған сессия да осы нәтижелі жұмыстың жемісі деп білемін. Осы жобаның нәтижелілігі оқушыларымыздың,ұстаздарымыздың облыстық,аудандық сайыстардағы үздік нәтижелерімен дәлелденіп келеді.

Міне, өр рухты, қайсар, жігері жасымаған, күш –жігері басылмаған  қазақтың келешегін сақтау болашақ ұрпақтың қолында десек, сол  ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беру — біздің міндетіміз. Еліміздің келешегіне сапалы білім беру жолында әлі де талай жұмыстар атқарылатынына сенімдімін.

Қ.Ш.Умарова,

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары