Тиімді оқыту ортасын құру – сапалы сабақ кепілі

Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын — орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары – Г.Д.Сарыева.

Аңдатпа. Мақала мектепте жұргізетін сабақты зерттеу үрдісінің білім алушылардың білім сапасының артуына тигізетін ықпалы, мұғалімдердің іс-тәжірбиесінің алмасу және ынтымақтастық ортада бірлесіп жұмыс жасау нәтижелілігіне арналған.

Аннотация. Статья посвящена влиянию процесса изучения урока в школе на повышение качества знаний обучающихся, результативности совместной работы учителей в среде обмена опытом и сотрудничества.

Annotation. The article is devoted to the influence of the process of studying a lesson at school on improving the quality of students’ knowledge, the effectiveness of teachers’ joint work in an environment of experience exchange and cooperation.

Түйін сөздер: Сабақты зерттеу, ынтымақтастық, тиімді оқыту ортасы, сауаттылық, әдіс-тәсілдер.

Ключевые слова: Исследование урока, сотрудничество, эффективная среда обучения, грамотность, методы и приемы.

Keywords: Lesson research, collaboration, effective learning environment, literacy, methods and techniques.

Қазіргі уақытта «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының міндеттерінің бірі – орта білім беру сапасын арттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер (PISA) арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету.  Осы міндетті жүзеге асыру жолдарының бірі – мектепте білім алушыларға тиімді оқыту ортасын құрып, сапалы сабақ беру болып  табылады.  Біздің мектепте осы жобаны жүзеге асыру барысында  мектеп әкімшілігінің қолдауы және «Шығармашылық» топ мүшелерінің қатысуымен қазіргі кездегі «Lesson Study» тәсілін қолдану арқылы сабақтың сапалы, тиімді болуына бағытталған  осы 2021-2022 оқу жылында жұмыстар жоспакрланып, атқарылды.

Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. «Lesson Study»-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, сабақтың сапалы және жоғары деңгейінде өтуіне көңіл боліп, өз шеберлігін шыңдайды. Биылғы оқу жылында мектебімізде «Lesson Study» тәсілі бойынша бастауыш буында Л.Ж.Акимджанова басқаруымен  «Lesson study» үдерісіне қатысатын ұстаздар нақтыланып, фокустық топ құрылды. Топ мүшелері: Л.Д.Акимджанова, А.Р.Жириндинова, С.А.Абатова, К.Д.Диханбаева. Фокустық топ мүшелерімен бірлесіп зерттеу жұмысының жоспарын құрып, білім сапасы төмен сыныптағы оқытылып жатқан пәндердің білім сапасы анықталды, нәтижесінде ең төмен білім сапасы әдебиеттік оқу пәнінен екені айқындалды. «Әдебиеттік оқу сабағында интербелсенді әдістерді пайдаланса оқушылардың білім сапасы арта ма?» деген сұрақ төңірегінде жұмыс жасап, жоспар құрылып, тізбектелген сабақтар жоспарланып, өткізілді. Жалпы 2 «Б» сыныбында  «Атадан қалған асыл мұра. Аңқау арыстан» тақырыбында К.Д.Диханбаева, «Ұр, тоқпақ» тақырыбында С.А.Абатова, «Аңқау Қожанасыр. Үш сом» тақырыбында А.Р.Жириндинова ашық «Lesson study» сабақтарын өткізді. Сабақтарында интербелсенді әдістерді тиімді қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зерттелетін оқушылар тобының ішкі уәжіне түрткі болатын, топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау дағдысын қалыптастыратын тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістерді қолданды.

Бастауыш сыныпта өткізілген зерттеу сабақтарынан көрініс

Жоғарғы буында «Lesson study» Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жүргізу үшін фокустық топ құрылып, тізімі бекітілді.  Фокустық топтың құрамы төмендегі мұғалімдерден жинақталды. Ж.Ш.Кауранбекова – қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі (І деңгей); А.Т.Омарова — қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі (ІІ деңгей); А.Н.Нурбекова – биология пән мұғалімі (ІІІ деңгей); К.Бабақұмар – математика пән мұғалімі; Г.А.Асылбекова – математика пән мұғалімі; А.Е.Исабаева – физика пән мұғалімі.

Фокустық топтың зерттеуі бойынша былтырғы 2020-2021 оқу жылының қорытындысы негізінде 9,10,11-сыныптардың білім сапасы қарастырылып, білім сапасын төмен көрсеткен 10ә сыныбы анықталды. Осы сыныптың пәндер бойынша білім сапасын төмен көрсеткен математика пәні анықталды.

Жоспар бойынша фокустық топ мүшелеріне, пән мұғаліміне, сынып жетекшісіне іс-әрекеттегі зерттеу туралы түсінік беру үшін А.Т.Омарова  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ деңгей мұғалімі «Іс әрекетті зерттеу – мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының қуатты құралы» және А.Н.Нурбекова биология пән мұғалімі ІІІ деңгей мұғалімі «Деңгейлік тапсырмаларды жаңаша үлгіде құру» тақырыптарында коучингтер ұйымдастырып, жүргізді.

Математика пәні бойынша іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбы “Математика сабағында 10“Ә”сынып оқушыларына деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы білім сапасын арттыруға бола ма?” деген тақырыпта анықталды. Осы тақырыпты зерттеу мақсаттары, әдіс-тәсілдер, зерттеу уақыты анықталып, соған сәйкес сабақ кестесі құрылды. Сабақ кестесі бойынша пән мұғалімі Г.А.Асильбекова «Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері»; «Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу»; «Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері» тақырыптарында  сабақтарын жүргізді.

Өтілген сабақтар бойынша дерекқорлар, атап айтқанда, тоқсан бойынша білім сапасының мониторингтері, сынып жетекшіден алынған сауалнамалар, пән мұғалімдерінен алынған сауалнамалар, лидер және шеттеп қалған оқушылардан  алынған сауалнама, рефлексия есептері жинақталды.

Қорыта келе, ұстаздардың білім алушылар үшін осындай тиімді орта құру арқылы, бірлесе жұмыс жасап, сабақты дұрыс жоспарлап, тиімді әдіс-тәсілдерді шеберлікпен орынды қолдану арқылы сапалы сабақ жүргізіп, оқушылардың дағдысын қалыптастырып, жетілдіріп, білім сапасын арттыруға болатынына күмәніміз жоқ. «Lesson Study» әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына көңіл аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын анықтап, көмек көрсетіп, оқушының білімге деген құштарлығын арттырады.

Г.Д.Сарыева,

директордың әдістемелік  жөніндегі орынбасары, Алматы облысы білім басқармасының «Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сейфуллин атындағы орта мектебі МДШО» КММ