Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – бала тәрбиесі екені баршаға мәлім. Білімді оқушылар мен білікті ұстаздардың ортақ үйі, ол әрине, білім мен ғылымның қасиетті қара шаңырағы саналатын — мектеп. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы.
Орта мектеп — білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.
Ескелді ауданының төрінде Қарабұлақ ауылында орналасқан білім ордасы – Титов атындағы орта мектебінің жетістігі ұшан – теңіз.Талай оқу жылын артқа тастаған аталмыш білім ордасының ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері ұстаздары білім бәсекелерінде бірнеше мәрте белсенділік танытудан танған емес.Үлкен ұжымда 103 педагог қызмет атқарса, оның 18 педагог- зерттеуші, 23 педагог-сарапшы, 15 педагог – модератор біліктілік санаты бар ұстаздар.
Біз өмір сүріп отырған ғасыр — білектілердің емес, білімділердің ғасыры. Білімге қол созғандардың қашан да бүгіні жарық, болашағы айқын. Жарқын болашақтың бастауын бүгіннен қалайтынын ұстаздарымыз терең түсінген, сондықтан да шәкірттерін шыңдаудан еш жалыққан емес. Атап айтар болсақ, тәжірибелі, білімді, білікті ұстаздарымыз А.Д.Тулеутаева, Ү.К.Мусаканова, Г.Т.Жакишева, В.В.Бобкова, А.С.Бегимжанова оқушылары әр оқу жылы дәстүрлі түрде өтетін аудандық, облыстық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларда оқушылары жүлделі орындардан көрінуде.
2020 жылдан бастап еліміздегі ең ауқымды «Елбасы медалі» бағдарламасы іске қосылған болатын. Осы жобаға оқушыларымыз қатысып 2020-2021 оқу жылы 4 оқушымыз «Елбасы медалінің» Қола медаль иегері атанса, 2021-2022 оқу жылы 11 сынып оқушылары Алтын белгі иегері Оралха Асқар мен қызыл аттестат иегері Ержан Аружанда осы Қола медаль иегері атанды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстары мен түрлі оқуларда мектебіміздің оқушылары білікті ұстаздарымыз С.Байбабанова, Г.Т.Жакишеа, А.С.Султанова, А.О.Шаймерденова, Ж.Д,Рахимова, М.Б.Ағышаева, жетекшілігімен топ жарып аудан, облыс көлемінде жүлделі орындардан көрінуде.
Салауатты өмір сүру дегеніміз — тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Сол себепті, мектебіміздің оқушылары спорттан да жүлделі орындардан көрінуде.
ҰБТ – мектептің бір оқу жылындағы білім көрсеткіші десек, осы межеден де білім ордамыз жоғары деңгейден көрініп, 82,3 орта балл көрсеткішімен ауданда алғашқы орындардың бірінен көрінуде.
Осынау бір үлкен ұжымның басын біріктіріп, осындай жетістіктерге жетуге ықпал етіп, өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып отырған тәжірибелі директор Каймулдинов Абдикерим Мухамедкаримович. Нақтырақ айтсақ,үлкен ұжымның алдына мақсат қойып, оны жоспарлы түрде іске асырып отыратын директордың да қосар сүбелі үлесі мол. Яғни, мектеп ісінің алға басуы, ең алдымен басшыға байланысты екені белгілі. Білім ордасына рухани демеу беріп, бағыт сілтеп, өз ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келе жатқан мектебіміздің директоры Абдикерим Мухамедкаримович туралы аса ризашылықпен айтуға болады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.» — дейді. Әр уақытта ұстаз шәкірттеріне сапалы білім берсе, тек білім ғана емес сонымен қатар жандарын жараламай, бойындағы бар мейірім- шапағатын аямай, олардың екінші ата-анасы ретінде қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына шығаруға бар күш-жігерін жұмсағанда білім беру жүйесінде «Жаңа Қазақстанның болашағы — жастарымыз» үшін үлкен жетістік пен оның жемісі көрінері айқын.
М.А.Үйсинбаев,
директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары,«Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Титов атындағы орта мектебі» КММ