Елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Ал мектептің жүрегі – мұғалім екені даусыз. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, еңбекқорлық керек. Мектебімізде осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, ұстаздарымыз мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде.
2021-2022 оқу жылында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп- гимназиясының оқу-тәрбие жоспары бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан жүргізілген бақылаудың, бағыт–бағдар берудің нәтижесінде мектеп ұжымы көптеген жетістіктер биігінен көрінді. Атап айтатын болсақ, «Жаскелсе, іске» демекші мектебімізден жас мамандарға арналған облыстық «Педагогикалық дебют» байқауына М.Е.Ахметова қатысып 1-орын иегері атанды.
Облыс көлемінде өткен«Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» байқауында 2-орын иегері атанған Ауғанбаева М.С, облыстық «Үздік дене шынықтыру» байқауының 3-орын иегері және «Үздік жыл мұғалімі» байқауының «Шығармашыл ұстаз»номинациясының иегері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Уальбай, облыстық «Ы.Алтынсарин атындағы олимпиада» байқауының 3-орын иегері ағылшын тілі пәні мұғалімі З.К.Утемисова, облыстық «Жас математик» олимпиадасының 3-орын иегері математика пәнінің мұғалімі Б.Сапар, облыстық «Жетісу – құт мекенім» сурет байқауының 3-орын иегері Қ.Болат, аудандық «Үздік ҚМЖ» байқауының 3-орын иегері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Е.Тилеуова, аудандық «Үздік портфолио» байқауының 3-орын иегері К.Д.Казангапова, аудандық «Үздік зертханалық жұмыс» байқауының бас жүлде иегері және аудандық «Үздік педагог» байқауының 3-орын иегері биология пәнінің мұғалімі Қ.Алдабергенова, Облыстық сырттай «Үздік түзету-дамыту сабағы» байқауы ІІІ орын иегері педагог-логопед Таменова Ш, Облыстық сырттай «Үздік түзету-дамыту сабағы» байқауы «Үздік сабақ жоспары» номинация иегері педагог- дефектолог А.Б Кулбулдинова сияқты ұстаздарымыз мектеп қоржынын толықтыра түсті.
2021-2022 оқу жылында пән мұғалімдері тарапынан дарынды да қабілетті оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізіліп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Республикалық 5-6 және 7-8 сынып жас өспірімдеріне арналған пәндік олмипиаданың облыстық кезеңінің жеңім паздарын атап өтетін болсақ: Қазақстан тарихы пәні бойынша 6-сынып оқушысы А.М.Турлумбекова 3-орын, тарих пән мұғалімі С.К.Джуманова; физика пәні бойынша 8-сынып оқушысы А.Дөненбайқызы 3-орын, физика пәні мұғалімі М.К.Сейітбаева.
9-11 сыныптарға арналған облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері: Қазақстан тарихынан 2-орын 10-сынып оқушысы А.Базарханқызы, тарих пән мұғалімі А.Дюсекова, география пәнінен 3-орын А.Сержанұлы, география пәні мұғалімі Н.Құдайбергенұлы, физика пәнінен 10-сынып оқушысы Қалдыбаев Әділет 2-орын, физика пәні мұғалімі М.Құрмет. Оқушылардың жүйелі ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, зерттеу және шығармашылық іс-әрекеттерін, қызығушылығын, қабілетін арттыру мақсатында оқушылар даярланды. Облыстық «Зерде» жобалар байқауының 3-орын иегерлері6-сынып оқушылары Қылышбек А.,Молдағалиеава Жаннур және 7-сынып оқушысы Марат Арсен. Пән мұғалімдері: Л.С.Богаскулова, А.Есенбекова, Ж.Тилеуова. Аудандық «Қазақстан балалары шексіз әлемде» байқауының бас жүлдесін Ә.Ауапберген мен А.Асхат иеленді.
Жетекшілері: М.М.Ахметова, Қ.Н.Сауытбаева, Аудандық «Қазақстан балалары шексіз әлемде» байқауының бас жүлде иегері
10 «А» сыныпоқушысы: Базарханқызы
Жетекшісі: М.М.Мамырбаева
«Тарих ата» пәндік олимпиадасына 6оқушы қатысып жүлделі 3-орынға ие болды. Пән мұғалімі: О.Ш.Долашева, «Виртуалды жоба» байқауының «Үздік презентация», «Инновация жоба» номинация иегерлері информатика пән мұғалімдері Н.Дауленбекова мен А.Аязбаева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Осындай уақытпен санаспай, еліне қалтқысыз қызмет етіп, жас ұрпақты бақытқа жетелеп жүрген ұстаздарға толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін. Еңбектеріңіз жансын, мәңгілік елдің ізбасарларын тәрбиелеп жүрген, ұлағатты ұстаздар!
С.К.Джуманова,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп гимназиясының директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары