Smart – оқыту -интернеттегі бағдарламалық жасақтама мен медиа түріндегі мазмұнды біріктіруден тұратын алғашқы оқыту тренді. Заманауи Smart-оқытудың негізгі аспектілері-гаджеттерді, ашық білім беру ресурстарын, басқару жүйелерін пайдалана отырып, икемді және ашық оқыту ортасын құру.
Smart education немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары.
«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S — Self-directed (өзін-өзі зерттеуге бағытталған)
M — Motivated (белсенді танымдық белсенділікті ынталандырады)
A — Adaptive (білім беру пәніне бейімделген)
R — Resource Free (білім беру ресурстарына еркін қол жеткізе алады)
T — Technology Embedded (технологиямен қамтамасыз етілген) [7].
Smart-оқытудың негізгі идеясы – ол адамды өмірге және жұмысқа дайындық жасауға мүмкіндік беретін білім қоғамы. Smart-оқыту сізге қандай салада білімді жетілдіру керек екендігін өзіңізге таңдауға мүмкіндік береді.
Smart-оқытудың басты мақсаты-мұғалімдердің XXI ғасырдың қазіргі заманғы қоғамының білімі мен дағдыларын дамыту есебінен бәсекеге қабілетті білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін орта құру: ынтымақтастық, коммуникация, әлеуметтік жауапкершілік, сыни ойлау қабілеті, проблемаларды жедел және сапалы шешу [2, 1-бет].
Smart education-бұл ортақ стандарт, келісім және технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған білім беру ұйымдары құрамының бірлестігі, яғни, бұл контентті бірлеіп құру және оны пайдалану, бірлесіп оқыту деген мағынаны білдіреді.Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез-келген жерде: үйде немесе мұражайда, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкіндікке ие болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немесе мұғалім) Интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.
Өз іс-тәжірибемізде Smart оқыту тренді желілік қоғамдық аясында жүзеге асырылуда. «Сенім» желілік қоғамдастық аясында Балпық би атындағы орта мектебі, Мичурин атындағы негізгі орта мектебі және Қарабұлақ орта мектебі ұстаздарынан құрылған қауымдастық. Бастапқы кездерде желілік қауымдастық мүшелері деңгейлік курстан өткен сертификатталған мұғалімдерден құралса, қазіргі таңда бұл жұмысқа мектеп тренерлері, педагог- зерттеушілер, сарапшылар қосылып, өздеріне белгіленген міндеттерді атқаруда. Серіктес мектептердің қажеттіліктері мен басымдылықтарын анықтау үшін өткен оқу жылының нәтижелері, жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, мониторинг жүргізілді. Мұғалімдер үшін арнайы құрастырылған сауалнамалар онлайн форматында(гугл форма) ұйымдастырып алынды. Мұғалімдердің қызығушылық туғызып,қай бағытта қолдау алғысы келетіндігін анықтап, нақты қажеттіліктерді білу үшін сапалы жоспар жасалып, жүзеге асырылуда. 2021-2022 оқу жылындағы мақсатымыз: оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсіл — мәтін арқылы сұрақтармен жұмыс.
Smart-оқыту желілік қауымдастық жұмысының барысында қолдану негізінен вебинар арқылы өз іс-тәжірибемізбен бөлісудеміз.
29 сәуір 2021 жылы ZOOM платформасында «Креативті идеялар» атты аукцион-семинары өткізілді. Аукционда лотта мұғалімдердің іс-тәжірибелері мұғалімдерге «сатылды». Балпык би атындағы орта мектебі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Габдуллина «Игровая тактика во время урока русского языка и литературы», Қарабұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Махамбетова «Төңкерілген сыныптарда LearningApps.org платформасының қолданудың тиімділігі», Мичурин атындағы негізгі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі А.Джазыбаева «Развитие логического мышления на уроках математики у детей предшкольного возраста» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысқан мұғалімдермен практикалық жұмыс жасатты. Ұстаздар белсене қатысып, лотқа қатысқан мұғалімдердің іс-тәжірибелерін таласа сатып алды.
24 қарашада 2021 жылы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу сауаттылығын дамытуда (PIRLS) қолданылатын әдіс-тәсілдері» тақырыбында өтті. Онда әр мектептен мұғалімдер «Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдер», «Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер», «Математика пәні бойынша ПИЗА тапсырмаларын орындаудағы қызметтің түрлері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Осындай көптеген вебинар семинарлар мұғалімдердің Интернет желісі арқылы ортақ контентті белсене пайдалана отырып, кез-келген жерде өз білімдерін жетілдіріп, іс-тәжірбе алмасуға жағдай жасалуда. Сонымен қатар осы «ақылды» оқыту трендінде жүріп жатқан жұмыстарымыздың бірі ол осы серіктес мектептердің оқушыларының оқу сауаттылығы бойынша білік, дағдыларын тексеруде Гугл форма арқылы тест алып, соның нәтижесін шығарып, мониторинг жасауда қолға алынды.
2021-2022 оқу жылында Алматы облыстық оқу-әдістемелік орталықтың «Генераторы ведущих школ» жобасы шеңберіндегі Талдықорған қаласының №10 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы –жетекші мектебінің серіктес мектептерінің біріміз. 2021-2022 оқу жылында желтоқсан айында «Генераторы ведущих школ» жобасы шеңберінде Талдықорған қаласындағы № 10 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының жұмыс жоспары бойынша «БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық вебинар өткіздік. Вебинардың мақсаты — мұғалімдер БЖБ,ТЖБ құрастырудың ерекшеліктерімен таныстыруда іс-тәжірибелерімен бөлісу; өзара желілік қауымдастықта пікір алмасу арқылы тәжірибелерін дамыту. Вебинарға жоба шеңберіндегі көшбасшылар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, желілік қоғамдастықтың мүшелері, облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Е.Тоғасова қатысты. (облыстық оқу-әдістемелік орталығының сайтына https://www.oblmetod.kz/ жарияланды).
Алматы облыстық оқу-әдістемелік орталығы жанынан құрылған «Өркен» жетекші мектептер ассоциасының мүшесіміз. Облыс бойынша жетекші мектептермен ұйымдастырылып жатқан вебинарларға қатысып, мұғалімдер өз іс-тәжірибелерін жетілдіруде, кәсіби біліктіліктерін арттыруда. Осы ассоциация жұмысы барысында Ақсу ауданы, Жамбыл ауданы, Алакөл ауданы әріптестеріміздің іс-тәжірибесімен таныстық.
Оқыту процесін жаңарту үшін ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу, оны жұмыста қолдану мұғалімдер арасында жаңа білімге қызығушылықты арттырып қана қоймай, олар жаһандық қоғамдастыққа сәтті қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді және сонымен бірге оқытуды әлдеқайда тиімді етуге және қазіргі заманғы экономика талабына сай өмір бойы жұмыс дағдыларын жақсарту қырларын ашады.
А.К.Айтибаева,
Қарабұлақ орта мектебі Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары