БАРШАҒА РУХАНИ ИГІЛІК

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды басқаруға лайықты азамат екенін айтты. Елбасы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Үгіт-насихат жұмыстары басталысымен «Nur Otan» партиясы кандитатының облыстық және аудандық қоғамдық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері аудандағы қызмет көрсету саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге арнайы Алматы облыстық сайлауалды қоғамдық штаб мүшелері Гүлнар Ыбрайымова, Дамир Дигай және аудандық штаб басшысы Дәулет Идрисов, штаб басшысының орынбасары Александр Хильниченко және аудандық қоғамдық штабының мүшесі Еламан Бердіқожа арнайы қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, «BIRGE» жалпыұлттық акциясы аясында арнайы парақшаларға сайлаушылардың пікірлері мен тілектері жазылды. Сайлаушылардың ұсыныс-тілектері назарға алынатын болады.

Аудандағы қызмет көрсету саласының қызметкерлерінен басқа штаб мүшелері «Хильниченко и К» КСС және «Сарыев» шаруа қожалығының  еңбек ұжымымен кездесу өткізген болатын.

Зейнегүл БЕЙБІТҚЫЗЫ.