ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Биыл да өткен жылдағыдай ауданға қарасты көше жолдарын жөндеуге біраз қаржы бөлініп отыр. Атқарылған жұмыстардың арқасында көп көшенің ретке келіп, жол жиектерінің абаттанып, жолдар күрделі жөндеуден өтіп жатқанын аудан тұрғындары жақсы біледі. Себебі, бұл жұмыстардың нәтижесі  – халықтың көз алдында.

Жақында Ескелді би мен Балпық би көшелерінің ортасында орналасқан Акименко көшесіне (Титов атындағы орта мектептің көше бойы) күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Ескелді би көшесінен басталып, Гоголь көшесінің соңына дейін жасалатын күрделі жөндеу жұмыстарын «Таған» ЖШС өз мойына алған. Жалпы белгіленген нысан 144 925 000 тг құрап отыр.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтың басшысы А.Бектімбеков 9 маусым, яғни сайлауға дейін белгілеген межедегі жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп отыр. Мектеп алдына бірнеше тротуар мен жаңадан жарықшамдар орнатылады екен. Осыған дейін аталмыш мекеме Қалдаяқов көшесін толық жөндеуден өткізген.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.