«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе, ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе, бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Осы орайда біздің мектебіміздің жас мамандардың жұмысының нәтижелі шығуын айтып өткім келеді. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық» деп алғашқы ұстаздық еңбек жолын Жетісу орта мектебінен бастаған жас мамандар туралы болмақ.
Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі екені бәрімізге мәлім. Мектепке келген алғашқы күннен бастап жас мамандарымызға тәлімгерлер бекітілді.
Осы күннен бастап бір оқу жылы бойы жас мамандар мен тәлімгерлер арасында тығыз байланыс бар екенін жұмыс барысында байқап жүрдім. Мектептін педагог- шебер ұстазы Р.И. Зайтбекова мен педгог- зерттеуші А.Қ. Исабаева аянбай еңбек етті десем қателеспес едім. Жас маман: Анел Исабекова мен Ерен Зураға Мемлекеттік білім стандартын, оқу бағдарламасын, әдістемелік нұсқау хатты оқу, зерделеу басты назарға алынды. Пән бойынша ҰМЖ, ОМЖ,ҚМЖ құру жолдары таныстырылып, күнтізбелік-тақырыптық жоспардың ерекшеліктері түсіндірілді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай айтқандай ақырындап жүріп білікті мамандар тәрбиеленіп жатты. Әрине әр жасалған жұмыс өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Бұның дәлелі ретінде оқу процесінде өтіп жатқан ашық сабақтар, сабақтан тыс іс шаралар, байқаулар кезінде көрініс тауып жатты. Атап айтсам жас маман Әнел Ерлановнаның тәрбиелеген шәкірттері аудан көлемінде өткен «Абай оқулары», «Ілияс оқуларынан» жүлделі орындар алып, облыс көлемінде өтетін байқауға жолдама алды. Нәтижесінде 10- сынып оқушысы Рыскелдинова Құралай қанжығасына жүлделі 2 — орынды байлап, аудан, мектеп мәртебесін көтеріп тастады.
Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерен Зура да өз жетістігімен бөлісіп жатты. 10- сынып оқушысы Жақсылық Тамирис облыс көлемінде өткен «Мамандық таңдау» байқауынды жүлделі 3- орынмен оралғанында мақтанышпен айтқымыз келеді.
Әр жетістіктің артында бір үлкен жұмыс тұрғанын білеміз, аянбай тәлімгерлердің берген бағыт- бағдарының арқасында биікті бағындыруға қол жеткізген жас мамандардың тәлімгерлері Раушан апай мен Әлия апайларына алғысын жаудыру үстінде.
Қорыта келе неге жас маман жарқын елдің шамшырағы деп айтады, себебі әрбір мұғалім оқушының тек біліміне емес өміріне тікелей жауапты. Болашақ -ұрпақтың қолында, ал ұрпақ, жас мамандардың қолында. Ұстазына қарап бой түзейтін шәкіртер көбейіп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.Ал ұстаз шәкірттерінің есінде жай ғана мұғалім емес, ұлағатты ұстаз ретінде қала бермек.
Б.Е.Мухаметжанова,
Жетісу орта мектебінің директорының ғылыми-әдістемелік жөнінің орынбасары