ҰБТ-КЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА СЫНАҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ, ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛІГІ

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.

Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.

ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру -оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.

2021-2022 оқу жылында мектебімізде  11- сыныпты 9 білім алушы аяқтады. ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ  кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты — оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері — оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже — ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп — саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек қолдану мектепте қолға  алынған, сонымен қатар цифрлық ресурстарды пайдалану тиімді пайдалану қолға алынған.

Әрбір   аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушыларды  нәтижесімен таныстырып,алдында алған сынама тестің нәтижесін салыстыра отырып , қатемен жұмыс жүргізіледі. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі.

ҰБТ -білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.

Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.

ҰБТ – ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын жыл сайын оқу жылы басында құрып, сол бағдарлама негізінде жұмыстар жүргізіледі.

Бағдарламаның мақсаты: ҰБТ-ді оқушылардың сәтті және нәтижелі тапсыруына сапалы дайындық.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

-11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау;

— пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру;

— ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау;

— жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау;

— байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру;

— байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру;

— байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау;

— мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы.

Оқу жылының басында орташа балл -69,6 болса ,І-жартыжылдық бойынша орта балл-86,3 балды құрады. 2022 жылдың басында  мектеп әкімшілігі, мектеп психологы, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып  түзету жұмыстары күшейтілді.ҰБТ-ке 6 білім алушы қатысты, нәтижесінде орташа  балл-87  болды.Алда түлектеріміз грант иегерлері болып, таңдаған мамандығына  қол жеткізеді деп үміттенеміз.

Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Сондықтан да мектеп оқушылары арасында физика пәнін таңдайтын оқушылар қатарлары да көбеюде.  ҰБТ- 11 сынып оқушылары үшін өмірлеріндегі аса маңызды жауапты кезең, өйткені ҰБТ нәтижелері оларды таңдаған мамандықтарына қарай алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Көздеген мақсатқа жету үшін  оқушы мен мұғалімге де аянбай еңбек ету керек деген ой түйеміз.

С.А.Салкеева,

Қаблиса жырау атындағы орта мектебі директорының ОІЖ орынбасары