Дарынды тұлға — мектеп мерейі

2021-2022 оқу жылының мамыр айында Ескелді ауданында аудан әкімінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылына арналған «Ескелді дарыны-2022» атты ауданның дарынды оқушыларын және ата-аналарын мараппаттау іс-шарасы өтті. Ауқымды іс-шарада оқу жылы бойы облыстық, республикалық дәрежеде әр сала бойынша үздік жетістіктер көрстекені үшін  123 оқушы ата-аналарымен аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Осындай игі бастаманың ұйымдастырылуына негіз болған Ескелді ауданының білім бөлімінің басшысы Мурат Мухтарович Бектуровтың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Бұл бастама аудан ұстаздары мен атан-аналар, оқушылар тарапынан Балалар жылына орай өткізіліп отырған сый тарту деп бағаланды. Осы игі бастаманы жалғастыру мақсатында біздің Сейфуллин атындағы орта мектебінде де «Сейфуллин дарыны-2022» атты  мектептің дарынды оқушыларын және ұстаздарын марапаттау іс-шарасы өткізілді. Оқу жылы барысында аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейдегі байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысқан дарынды оқушыларымызды марапаттап, арнайы тапсырыспен жасалған төсбелгіні әрбір дарынды оқушының кеудесіне жетекші ұстаздары қошеметтеп тағып шықты. Мектеп директоры Д.А. Тамышева дарынды оқушылардың ата-аналарына да ерекше алғыс білдірді. Іс-шараға арнайы шақырылған Бақтыбай ауылдық округінің бас маманы Сыбанбаева Ақмарал Тоқанқызы мен зейнеткер ұстаз Бұхпантаева Гүлнар Саймасайқызы құттықтау сөз сөйлеп, бұл іс-шараның биылғы Балалар жылына арналған үлкен сый-құрмет екенін атап өтті.

Бұл іс-шарада «Дарын» ғылыми орталығының оқу жылы бойында жоспар бойынша жасаған жұмыс нәтижелері айқындалды. Ғылыми қоғам негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізді:

1) Гуманитарлық пәндер бағыты. Секция жетекшісі – Арай Пазыл

2) Жаратылыстану пәндері бағыты. Секция жетекшісі – Гүлан Бабақұмар

3) Спорт бағыты бойынша. Секция жетекшісі — Бауыржан Абдикожа

4) Өнер бағыты бойынша. Секция жетекшісі — Ляззат Накипова  

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Сондықтан әр оқу жылының басынан оқушылардың қабілеттерін анықтау, олармен жоспар бойынша жұмыс жүргізу, нәтижеге бағытталған түрлі іс-шараларды өткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қабілетті оқушылар әртүрлі байқаулардан, жарыстардан, олимпиадалардан, конкурстардан топ жарып, мектебіміздің абыройын асқақтатып ,жүлделі орындарға ие болды.

«Дарын» ғылыми қоғамының жетекшісі математика пәні мұғалімі Сандуғаш Ғалым. Ғылыми қоғамның 4 бағыты бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері:

І. Гуманитарлық  пәндер секциясы  бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері

Қазақ тілі пән бірлестігі бойынша барлығы 16 оқушы, орыс тілі пән бірлестігі бойынша 33 оқушы, ағылшын тілі пән бірлестігі бойынша 6 оқушы, тарих пән бірлестігі бойынша 4 оқушы, өзін-өзі тану пәні бойынша 1 оқушы марапатталды.

Барлығы 60 оқушы өздерінің әр түрлі республикалық,облыстық, аудандық олимпиадаларға, конкурстар мен жарыстарға және онлайн конкурстарға қатысып,өз білімдерінің деңгейлерін байқатып,  жетістіктерге жетіп , көрсетті.

ІІ. Жаратылыстану  секциясы бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері:

1.Ұлаш Ақжарқын — 5-6-сыныптар арасындағы Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІІ орын, жаратылыстану пәні.

2. Асқарұлы Нұрәли — 5-6-сыныптар арасында өткен Республикалық «Мың бала» олимпиадасының қатысушысы, математика пәні.

3. Ержанқызы Ұлпан- Республикалық КИО.KZ интеллектуалды «Кенгуру» олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды, математика пәні.

4.Тұрсынов Алихан — 7-8-сыныптар арасындағы Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын, .информатика пәні.

5.Омарғали Айерке — 7-8-сыныптар арасындағы Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІ орын.

6.Ниязбек Сания- Республикалық Интернет олимпиадасы, «Айқанат» олимпиадасы, 
ІІ орын.

7.Қойшыбаева Аяжан — 7-8-сыныптар арасындағы Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын,биология пәні.

8.Алмасбекқызы Баян — Республикалық КИО.KZ интеллектуалды «Кенгуру» олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломы, математика пәні.

9. Нұрқасен Айбар және Жангелді Тұрғынбаев — «Айқанат» олимпиадасының жүлдегерлері.

10.Ебелекова Айым — Облыстық ғылыми жобалар конкурсынан ІІІ орын, химия пәні.

11. Қабдуллаева Наргиз және Айтқазы Қарақат — 10-сыныптар арасындағы Республикалық «QAZAQ MATH OLYMPIAD»-ның  ІІ кезеңіне қатысушы,математика пәні.

12. Айтқазы Қарақат —  9-10 сыныптар арасындағы Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын,биология пәні.

13. Жұмағали Әсем — Жаратылыстану-математика пәндер циклі бойынша Президенттік олимпиаданың ІІІ дәрежелі дипломының иегері,жаратылыстану пәндері.

ІІІ. Спорт секциясы бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері:

1. Дойбыдан ұлдар арасында өткен Бақтыбай ауылдық округінің біріншілігінде  1 орын алған Нурбеков Нурдаулет. Жетекшісі Р.М.Қабдеш.

2. .Баскетболдан Б.Қабылжан   « Ең үздік ойыншы» жетекшісі Н.А. Ботабаев.

3. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кәсіподақ мүшелерінің арасында өткен «Спартакиада-2021» жарысында шахматтан жүлделі ІІ орын иеленген Е.Т.Сейтниязов.

4. Шахматтан аудандық ойынында  ұлдар арасында жүлделі І орын алған Садуақас Ақнар, жетекшісі Е.Т.Сейтниязов.

5. Тоғызқұмалақ ойынынан өткен Бақтыбай ауылдық округінің біріншілігінде  ІІІ орын алған Мерекеқызы Амина. Жетекшісі Мынбаев А.О.

6. Футболдан 5 – орынға ие болып, финалға өткен мектеп командасы. Жетекшісі Т.Е.Омурзаков.

ІV.  Өнер секциясы бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері:

1. Асым Нұрайым,   І дәрежелі диплом,  «ZHULDYZ ART  KAZAKHSTAN» халықаралық фестивалі

2. Құдайберген Наргиз, І дәрежелі диплом , «ZHULDYZ ART  KAZAKHSTAN» халықаралық фестивалі

3. Төлеубек Медина,   І дәрежелі диплом,   «ZHULDYZ ART  KAZAKHSTAN» халықаралық фестивалі

4. Ерғали Eрнар,  Қолөнер номинациясы,  Бас жүлде, «ZHULDYZ ART  KAZAKHSTAN» халықаралық фестивалі

5. Қабдуллаева Наргиз,  Қолөнер номинациясы,  І дәрежелі диплом, «ZHULDYZ ART  KAZAKHSTAN» халықаралық фестивалі

Осы дарынды оқушылармен   «Дарын» ғылыми қоғамы  жыл бойы   түрлі  іс-шаралар  ұйымдастырып, оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырды.

Сейфуллин дарыны — 2022

 

М.Ж.Смаилова,

«Сейфуллин атындағы орта мектебі МДШО» КММ директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, Ескелді ауданы