МУЗЕЙ — ЕЛ ШЕЖІРЕСІ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде 1977 жылы Халықаралық музей кеңесінің кезекті отырысында атаулы күн ретінде қабылданды. Бүгінгі таңда Халықаралық музейлер күнін әлемнің барлық музейлері ресми мереке ретінде атап өтеді. «Өткенді айтпай болашақ жоқ» демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі – музейлер. Қазіргі таңда  музейдің мақсаты – атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан көне жәдігерлерді болашақ ұрпаққа жеткізу.

Музей ең алғаш бағалы бұйымдар мен заттарды, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Ал оның қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Әр жәдігер тарихтан сыр шертеді. Кешегі күннен белгі болып бүгінгі ұрпаққа жеткен жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманаттауда музей қызметкерлерінің еңбегі зор. Бұл күнде әрбір музейлерде тұрақты түрде түрлі іс-шаралар мен көрме ұйымдастырылады.

Осы  айтулы мерекеге орай Н.Алдабергеновтің мемориалды музей ғимаратында  «Музей – ел шежіресі» атты іс-шара ұйымдастырылып, жыл сайын дәстүрге айналған «Ашық есік күні» өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары мен қонақтары, студенттер оқушылар және қатысты. Шара барысында музейдің тарихи-мәдени маңыздылығы таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар «Мәдени мұра – асыл қазына» атты музей тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Г. Шаймұханбетова,

Н.Алдабергенов мемориалды музейінің  меңгерушісі.