ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ — ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Біздің Отанымыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Осы орайда латын әліпбиіне көшу, қазақ тілінің тамырын терең етпек. Қазақстан Республикасы латынға көшу арқылы қазақ тілін жоғалтып алмайды, керісінше тіліміз жаңғырып, жазу үлгісі жаңа форматта болмақ.

Латынға көшудің өзі саясаттың үлкен әрі маңызды бөлігінің бірі. Жаңа форматтағы әліпбиді қабылдау арқылы біз жарқын болашаққа қадам басып, тіліміздің кең ауқымда қолданылуына жол ашамыз. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылатын әліпбилердің бірі. Тарихымызға үңілер болсақ,  латын әліпбиін қазақ халқы ерте заманнан қолданған.

Өзіміздің төл әліпбиімізге қайта оралсақ, тіліміздің өркендеп, одан әрі дамып, қарыштауына жол ашамыз. Бұл әліпби қазақ ұлтының болмысын әлемге танытып, төл тіліміздің  жойылмай, тамырын тереңге жаюына үлкен әсер етеді. Жазу арқылы бүгін мен ертеңді, өткен мен болашақты байланыстыра аламыз. Тарихта қалуымыздың үлкен әрі алтын діңгегі ол ұлттың туған тілінің сақталып қалуы. Латын графикасына көшу мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолындағы батыл, әрі маңызды қадамдарының бірі.

Латын әліпбиіне қазақ жұрты ертеден көшкенімен, оны қолдану мерзімі ұзаққа созылмаған. Оның жобасын ең алғаш ақын, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы жасаған болатын. Бұл жобаның толыққанды іске аспауына,  тіліміздің бұғатталуына кеңестік идеологияның салдары  себеп болған. Бүгінгі күні біз ешкімге тәуелділігі жоқ, кісен мен тас бұғаудан босаған, өзінің асқақ армандары мен зор болашағы бар тәуелсіз мемлекетпіз. Ешбір ел бізге қалай тұрып, қалай жүру керегін үйрете алмайды. Олай болса, біз өз заманында қазақ жұртының сақталуына жол ашатын латын графикасы екенін ескерген  ата-бабаларымыздың бастаған ісін әрі қарай жаңғыртуға  міндеттіміз.

Алима НҮСІПОВА.