КИЕЛІ МЕКЕНІМ — ЖЕТІСУ

Байқаудың мақсаты – «Киелі мекенім – Жетісу» атты өлкетану ізденістер арқылы туған өлкенің тарихын, географиясын, әдебиетін, музыкасын, тарихи-мәдени ескерткіштерін, киелі орындарын зерттеп-зерделеу, өсер ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, халық мұраларын аялауға тәрбиелеу және өлкетану жұмыстарын жүргізуге бейім дарынды балаларды анықтау.

Байқау 4 секциядан тұрды: тарих, география, әдебиет және музыка. Байқаудың аудандық кезеңіне мектеп оқушыларынан 15 жұмыс келіп түсті. Оның  7 география секциясына,  6 тарих секциясына, 1 әдебиет секциясына, 1 музыка секциясына жатады. Жұмыстардың тақырыптары алуан түрлі. Оқушылардың зерттеу жұмыстарына қызығушылықтары барлығы, зерттеуді өз деңгейінде жүргізгендері қуантады. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының 7 «ә» сынып оқушысы Қарақат Айдардың «Ескелді би – даналықтың дариясы», Т.Рүстембеков атындағы орта мектептің 8 «а» сынып оқушысы Ерасыл Шангерейдің «Таста жазылған тарих», Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жұлдыз Өмірзақтың «Алматы облысының тарихи ескерткіштері», Шестаков атындағы орта мектептің 8 «а» сынып оқушысы Аяулым Байсейіттің «Мұқыры өзені аңғарының палеонтологиялық ескерткіштері»,  Жетісу орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дариға Қуандықтың «Жетісу жеріндегі будда тасы», Қарабұлақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы Арина Пологноның «Қора шатқалының кереметтері», Қаблиса жырау атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жансая Жанардың «Қайнарлы өңірі», Қаратал орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қасиет Күнболаттың «Қыз құлаған», Жетісу орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы Аяжан Усанованың «Исагулова Ағайша Шермұхамбетқызының өмірі мен шығармашылығы» тақырыптарындағы жұмыстарын айтуға тұрарлық.

Әділқазылар алқасының ше-шімімен байқаудың облыстық кезеңіне жіберілген  Жетісу орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы Аяжан Усанованың «Исагулова Ағайша Шермұхамбетқызының өмірі мен шығармашылығы» тақырыптарындағы жұмысы жүлделі ІІ орынды, Қаратал орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қасиет Күнболаттың «Қыз құлаған» және Т.Рүстембеков атындағы орта  мектептің 8 «а» сынып оқушысы Ерасыл Шангерейдің «Таста жазылған тарих» тақырыптарындағы жұмыстары жүлделі ІІІ орынға лайық деп бағаланды. Жас зерттеушілерді жүлделі орындарымен құттықтай отырып, бұдан да жоғары биіктерден көрінулеріне тілектеспіз.

Э. ӘЛПИЕВА,

оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.