Білім көзі кітапта

Ескелді аудандық кітапхананың балалар бөлімінде балаларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында жас оқырмандар арасында «Тез оқуды үйренейік» атты жылдам оқу сайысы  «ZOOM» бағдарламасы арқылы өткізіліп тұрады. Сайысқа ауылдық кітапханалардың жас оқырмандары қатысып, өз білімдерін шыңдайды. 2022 жылдың 13 шілдесінде өткізілген сайыс нәтижесінде ауылдық кітапхана оқырмандарынан 14 жас оқырман қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

І орынды М.Байысов ауылдық кітапханасының жас оқырманы Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінің оқушысы Қайнар Базарбайұлы иеленді.

ІІ орынды Жалғызағаш ауылдық кітапханасының жас оқырманы Жалғызағаш орта мектебінің оқушысы Қалахмен Інжу иеленді.

ІІІ орынды Сырымбет ауылдық кітапханасының жас оқырманы Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айданқызы Айдана иеленді.

«Білім көзі – кітапта» демекші оқырмандарды жаңадан келіп түскен қызықты кітаптарды оқуға шақырамыз.

А.Байсакова, Ескелді аудандық кітапханасының балалар бөлімі