Енбек етпей елге өкпелеме

Өмірлік қыйын жағдайларға қарамастан мемлекеттен көмек күтпейтін, ал өздері өз ісін ашып, ұйымдарда немесе кәсіпорындарда еңбек ететін өмірлік қыйындықтары бар адамдар.
Мен Агиян Рыскуль 1972 жылы 11-ші қаңтарда дүниеге келгенмін. Жалғызбасты анамын. 1 балам студент 2 балам мектеп оқушысы. Қазіргі таңда Қарабұлақ ауылында тұрамын. Бұл үй 2016 жылы өкіметтен берілген. Аз қамтылған отбасы ретінде. 2014 жылдан бастап Атаулы әлеуметтік көмек аламын. Ай сайын алатын әлеуметтік көмек жағдайымның жақсаруына септігін тигізуде. Қазір жеке кәсіпкермін, енбек бейнет емес–зейнет демекші тігін тігіп табыс тауып отырмын. Тапсырыстарым ұлғайып жатыр. Көйлектер, сымдар, діни заттар тігемін. Перде тігіп түйме қадаймын.
Енбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме демекші, ешкімге де өкпем жоқ. Осылайша табыс тауып, үш балдамды асырап жеткізіп отырмын.