Табиғатты өрттен қорғайық

Шілденің орта белінен бас-талып, қыркүйектің басына дейін жалғасатын аптап ыстық өртке қарсы қызметі үшін аса бір сындарлы мерзімдердің бірі. Өйткені, таулы–далалы алқапта, жалпы табиғат аясында орын алатын өрт оқиғалары жиілейді.

Құрғақ шөп күннің ыстықтығынан, яки, басқа себептерден тұтанса, аз мерзімнің ішінде ұланғайыр аумақтарға жайылып, алапат өртке айналмақ. Ең қауіптісі, орманға, егіндікке жайылып кету апатын да тудырады. Мал жайылымын құртып, мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың нысандарына, аша-тұяқтысына қауіп төндіреді. Өрт кезінде өртке қарсы қызметінің басқа да мекемелермен атап айтқанда, әкімдіктермен, көлік-коммуникация мекемелерімен, орман шаруашылығы басқармалармен т.б. қажетті орындармен бірігіп өзара әрекет ету іс-жоспарлары жасалған.   

 Бүгінгі таңда табиғат аясында орын алған өрттің бастамасына көбінде адамның да себебі болатындығын айта кетуге болады. Даладағы өрттің көпшілігінде автокөлік тасжолының бойынан басталатындығын анықтау жұмыстары көрсетіп отыр. Оған не себеп дейсіз ғой. Оған себеп мысалы көлік жүргізушісінің өшірмей терезеден лақтыра салған темекі тұқылы екендігі сөзсіз.

Сонымен қатар малшылардың да отты абайсыз қолданғандары да даланың оп-оңай отқа орануының бірден-бір себі болуда. Аудан өңірін өрттен қорғау үшін өртке қарсы қызметі бірқатар тиімді шараларды жүзеге асыруда. Олардың бірі Ескелді ауданының орман қорғау мекемесімен бірге табиғат аясындағы өртті анықтау мен ауыздықтау арналған жұмыстар үйлестірілуде. Мақсат табиғат аясында шыққан өртті анықтап, оны сөндіруге күштерді жедел жұмылдыру. Бұл шараның нәтижесінде дала алқабын, орманды, таулы өңірді шарпыған өртті өрттің шағын көлемдерінде ауыздықтауға және оттан келетін зиянның көлемін барынша кемітуге септігі тиюде.

Құрметті аудан тұрғындары, баршаларыңызды табигат аясында отқа сақ болуга шақырамыз. Өрттің барлыгының абайсыздық танытқандықтан, елеп-ескерілмегендіктен шығатындығын ұмытпайық. Туған жерді өрттен қорғау, аялап, қадірлеу әр азаматтың қастерлі парызы екендігі есімізде болғаны жөн.

Қ. Әшімов, Ескелді ауданының  ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты