АБЗАЛ АЗАМАТ ЕДІ

Осыдан тұра бір жыл бұрын, суық хабар естігенімізде, көңілімізді құлазытып, қабырғамызды қайыстырды. Кеңестік кезеңде де, тауелсіздік жылдарыда өзінің кіндік қаны тамған (бұрынғы Шұбар) қазіргі Н.Алдабергенов ауылының өсіп-өркендеуіне, экономикасы мен мәдениетінің көркеюіне зор үлес қосқан Жаңабек Жетібайұлың өмірден өтуі, марқұмды танып-білетін әр адамға, туған-туыстармен, замандастарына оңай тимеді.

Өйткені ол зейнетке шыққанға дейін туған жеріне ту тігіп, қажыр-қайратымен күш-жігерін жұмсаған парасатты азаматтың бірі және бірегей еді.

Шатрбеков Жаңабек Жетібайұлы Шұбар ауылында 1938/ жылы қазан йының 12-жұлдызында дүниеге келді. Шұбар орта мектебінің 7- кл. бітірген соң Көксу Ауылшаруашылық техникумына түсіп, оны үздік бітіргеннен кейін, туған ауылындағы сол кездегі 22 парт сьезді атындағы колхозда механик болып қызмет атқарады. Жұмыстан қол үзбей жүріп Алматыдағы Ауылшаруашылық  инстутін сырттай оқып бітіреді. Содан кейін колхозда бас инженер, Машина-трактор жөндеу шеберханасында басқарады. Колхоз басқарма бастығының орынбасары, партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарады.

Еліміз Егемендік алған жылдары Н.Алдабергенов атындағы огрофирманың тексеру комиссиясын басқарды.

Ұзақ жылдарғы еліне сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ.Ол Мемлекет тарабынан бірнеше дүркін төсбелгілер, Медалдар мен алғыс хаттардың иегері болды. Атап айтсаң 1966 жылы «За Труавую добелисть», 1967 жылы В.И.Лениннің 100 жылдық Соңсионистік жарыстың жеңімпазы медалі, 1987 жылы, «Доблестный труд» медалімен, 1989 жылы «Еңбек ардагері» медалдар мен бірнеше алғыс хаттардың иегері болды, 2012 жылы Ескелді ауданының Құрметті атағының иегері. Бірнеше мәрте ауылдық, аудандық кеңестің депутаты болып сайланып, ауыл халқының зор сеніміне ие болған абзал азамат еді.

Сүйікті жар, балаларына қамқор әке, бауырларына көмегін аямайтын үлкен отбасының қадірлісі болған Жәкеңнің жарқын жүзі әлі көз алдымызда.

Алланың дегеніне  көнуден басқа амалымыз жоқ. Өмірден озғанына арамыздан кеткеніне міне 1 жыл болды. Күндей Нұрлы дидары жадымызда  сақталып, жүрегіміздің төрінен орын алып келеді. Алладан рахымы , Пайхамбардан шапағат болсын деп дұға тілеп, Құран бағыштаймыз.

Жаратқан иеміз жатқан жерін жайлы, иманы жолдас, жаны жаннатта болсын деген дұғамызды Қабыл етсін! дей отырып,

Жаңабек Жетібайұлы Шатрбековті  сағынышпен еске аламыз.

1. Өзің жайлы айта алмаймын таусылып

Ел айтады, жұрт айтады жарысып.

Көпшіліктен алғыс алған сауабың,

Жеткен шығар рухыңмен қауышып

2. Өмір осы білмес әр кез аяуды.

Көңіл осы көтеретін қыйнауды.

Орның сенің бөлек еді-ау біздерге

Ардақты әке, асыл ата саялы.

3. Әке деген асқар тауың, орманың,

Әке деген жұбанышың қорғаның.

О, адамдар бар кезінде әкенің

Қадырын біл, өкініште қалмағын!

4. Көнеміз бұл тағдырдың  сынағына,

Жан-жарық аман жүрсін арамызда,

Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірден,

Бейнеңіз қалды Жеке санамызда.

5. Алланың мініп парағын,

Жұмақта болсын тұрағын.

Нұрланып тұрсын шырағың,

Пейіште болсын жұмағың.

Әумин!

 Еске алушылар: жұбайы Раушан, балалары, немерелері, бауыры Қуандық келіні Раушан; Замандастары: Қыдырбек – Шайбала, Жекен-Әсия. Қалтай, Күләш, Сәруар, Бегиман, Зина; Ауылдастары: Төлеген, Қонысбай, Қалдыбай, Керімбек.

20 тамыз 2022 жыл