Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Қазақстан Республикасының Контитутциясына сәйкес, қазақ тілі еліміздің мемелекеттік тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдала отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу.  Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жалдың 27 ақпандағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» № 36 өкіміне сәйкес республикамыздың барлық сотында іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірбиесіннің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттар және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүрзіледі.

 Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда. Өйткені қазақ елінің тәуелсіздігің бір тұғыры – ана тілі. Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»  деп айтқаныдай, елімізде ана тіліміздің мәртебесінің биіктеуіне, өркендеуіне, дамуына қолдау көрсетіп, көптеген мүмкіндіктер туғызып отыр. Сондықтан мемлекеттік тілдің жарқын болашағына ресми қарым-қатынас тілі және ресми іс-қағаздар тілі ретінде мәртебесін биіктететіне сеніміміз мол және осы ортақ іске бәріміз бірлесе атсалысуымыз керек. Сонда істің ілгері басуы жеделдеп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта түсері даусыз.

Рүстем Иемберген, Ескелді аудандық сотының бас маманы