МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
САПАСЫН АРТТЫРУ

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.

Бүгінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны жыл сайын арта түсуде, ал оны алу процессі бұрынғыдан жеңілдетілгенін ерекше атап өту қажет. Оның электронды форматқа көшуі де – жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беріп келеді.

Уақытты талап ететін сансыз анықтамалар. Қажетті құжаттарды алу үшін жұмыстан сұранып, халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бұл шаруа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының көмегімен әжептәуір жеңілдеді.

«Жалғызағаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Күн сайын мұнда 15-ке жуық ауыл тұрғындары келеді. Олар электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметті ала алады. Оның ішінде: бала тууды тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамалар, атаулы әлеуметтік көмек алу, медициналық ұйымға тіркелу және тағы басқа. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына 200 – ден астам түрлі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Жалғызағаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі