ЕЛ ЕРТЕҢІ — ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Елбасы  биылғы  жылды Жастар жылы деп ресми түрде жариялаған болатын. Мұндай шешім Елбасының жастарға зор сенім артатындығының дәлелі. Сол себептен әрбір жас өрен артылған үмітті ақтауы тиіс. Мемлекетіміздің іргесін берік етіп, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жастардың қолында.

Жақында ауылымыздың жастар ісі жөнініңдегі әдіскер-нұсқаушысы Дәурен Шынболатовтың ұйымдастыруымен Жастар жылының аясында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында ауыл әкімі Бауыржан Рахымжанов сөз алып, жас ұрпақ еліміздің сенімін әрдайым ақтау керек екендігін атап өтті. Ауылымыздың депутаты Шынарбек Бозов мектебімізде әртүрлі конкурстарға қатысып, белсенділік танытып жүрген оқушылар мен жас спортшыларды медальдармен және  грамоталармен марапаттады. Жиын барысында оқушылар әннен шашу шашып, заманауи би биледі.

Ел ертеңі – жастардың қолында. Сондықтан жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамыту бәрімізге ортақ міндет.

Дәурен Шынболатов,

Ақын Сара ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.