ШЕШІМДІ ҚОЛДАЙМЫЗ

 

Қарыштап алға басқан тәуелсіз еліміздің болашағы үшін өткізілетін саяси науқанды барша қазақстандық қолдайтынына нық сенемін. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын бір шаңырақ астында біріктіріп, татулық пен бірлік орнаған мемлекетімізді мақтан тұтамыз. Ең бастысы, әрдайым бейбітшілік болсын. Бүгінгі таңда бейбітшілік пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті нығайтуда қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмылдырудың маңызы зор.

Облысымызда көпбалалы аналарға үлкен көңіл бөлінуді. Оларға атаулы әлеуметік көмек көрсетіліп, тиісті жағдай жасалуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президентімізбен келісіп қабылдаған шешімін біз қолдаймыз. Үкімет басына жаңадан келетін Президентіміз ел қорғаны болатын азамат болса дейміз.

Жаңалыққа аяқ басқалы жатқан мемлекетміздің бірлігі бекем, тәуелсіздігі тұғырлы болса екен.

Бимұрат БОРАНБАЕВ,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.