Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауды тағайындады. Белгілі болғандай сайлау маусым айының 9 күні өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай шешімді Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен келісіп қабылдаған. Қасым-Жомарт Тоқаев әділ және ашық сайлау өтетінін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатының сабақтастығы мен тұрақтылығын тереңдету қажет екендігін атап өтті. Мұндай шешім ішкі саят жұмысының басымдығын арттырамақ. Облысымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы басты назарға алынып, көпбалалы аналарға үлкен көмек көрсетілуде. Облыс басшысы Амандық Баталов әрбір көпбалалы ананы өз қабылдауына шақырып, олардың мұқтаждықтарын азайту мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Мұндай жұмыстар «Халық санын арттырамын» деген жас аналардың қатарын көбейтетіні сөзсіз. Еліміз үшін тарихи сәт туғалы тұр. Мемлекетіміздің ырысын ұлғайтып, ел іргесін бекемдетететін жаңа Президент сайланады. Тәуелсіздік алып, әлем мойындаған мемлекетіміздің іргесі тыныш болатынына сеніміміз зор. Билік басына жаңадан келетін Президент ел қамын ойлайтын, барша қазақстандықтардың қалауын басты назарға алатын азамат болатыны сөзсіз. Әлем аренасында айрықша орын алып, аз уақыт ішінде гүлденіп, өркендеген мемлекетіміздің бақыты баянды болғай!
Алима Нүсіпова,«Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі.