ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТҚАН СЕМИНАР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы рухани дүниені жаңғыртып, қоғамның басты құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Билік басына жаңадан келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына әлеуметтік желі мен интернет кеңістіктерінде кең ауқымда жұмыс істеуді тапсырды. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің, Орталық коммуникациялар қызметінің және «Alresmi» өңірлік БАҚ қауымдастығының қолдауымен Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде үш күндік семинар өткізілді. Оған мемлекеттік және жергілікті органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, жобалық кеңселердің басшылары мен қызметкерлері және БАҚ пен өзара әріптестікке өкілетті тұлғалар қатысты. Семинарды өткізуге дәріскер жаттықтырушылар бекітіліп, олар маңызы зор тренингтер жүргізді.

Семинарға қатысушылардың арасында модераторлық шеберлік, тиімді коммуникациялар, өзгерістерді басқару, сыртқы ортамен дағдарысқа қарсы күрес, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды модельдеп шығару, теория мен практиканы ұштастыру, жобаны коммуникациялық стратегияларды жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу, әлеуметтік желілердегі коммуникациялар, мақсатты аудиторияны таңдау секілді тақырыптарда жұмыстар жүргізілді. Семинарға қатысушылар өздеріне керекті ақпараттан хабардар болып, өзара бір-бірлерімен алмасты. Сондай-ақ олар дәріскерлерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Тренинг соңында жаттықтырушылар семинарға қатысушыларға алғыс білдіріп, сертификат табыстады. Журналистер үйінде үш күн бойы өткізілген семинар рухани санамызды жаңғыртуға септігін тигізіп, тиімді шешім қабылдап, жүйелі жұмыс істеуге жетеледі.

Алима МҰРАТҚЫЗЫ.