Бүгінде ерiктiлiк әртүрлі салада көрiнiс табуда. Бір сөзбен айтқанда жаңашыл ұстаным мен көзқарас. Негiзгi кағидасы «көмек көрсету» болып табылатын бұл жұмыс түрi, қазiргi таңда жастар арасында кең ауқымга ие болып жатқаны өте қуантады. Осы бiр бағыттың атаулы 12 түрiмен таныстыра өтсем.
Олар:
1)Біргеміз аяла бағыты;
2)Біргеміз асыл-мұра бағыты;
3)Біргеміз білім;
4) Біргеміз қамқор;
5) Біргеміз саулық;
6) Біргеміз сабақтастық;
7) Біргеміз таза әлем;
8) Біргеміз үміт;
9) Медиа волонтерлік;
10) Мәдениет-өнер саласындағы волонтерлік;
11) Спорт;
12) Әлеуметтік волонтер.
Бiрiгiп көтерген жүк жеңiл демекші, ерiктi болу қазiргi таңда өте оңай. Өз қала, ауыл немесе ауданыңдағы топтарға қосыла аласың, не болмаса өзің жеке көмек көрсетуде ерiктiлiк болып табылады. Атап өткен 12 бағыттың бiреуiне тән қасиет әр адамның бойынан табылатыны сөзсіз. Ерiккеннен ерiктi болып жүрген ешкім жоқ екенiн осы бір тұста айта кеткім келіп отыр. Қоғамның бiр қажетіне жарау үшiн еңбек етіп, көмек көрсетуге, ерiккен адам келмес деп ойлаймын. Мұқтаж жанның рахметін алып, жүзiнде пайда болған күлкiсiнен артық ақы жоқ екенiн көп адам, көрсеткен көмегiнен кейін барып түсiнiп жатады.
Уақыт өткен сайын қоғам мен билiктiң ерiктiге ерекше көзқарасы қалыптасуда. Билiк ендiгi кезекте, қоғам үшін iс бiтiрiп жүргендерге жеке сыйақы берудi қолға алды. Жастар үшін берiлетiн бұл сумма мөлшерi, өз iстерiн толығымен ақтайды. Ерiктiлердiң ерен еңбегi ақталып жатқаны бiздiң мемлекет үшін үлкен жаңалық. Ерен еңбек дегенде, iндет белең ала бастаған кезеңдегі волонтерлерiмiздiң вируспен күрес жолы еске түседі. Дәрігерлер мен қоғам қызметкерлерiнен, кем емес жұмыс атқарып, ел есiнде қалған ерiктiлерiмiз өте көп. Ауруханаларға өз есебінен дәрi-дәрмек таратып, жұмыссыз қалғандарды керек-жарақпен камтасыз еткендер мiне осы ерiктiлерiмiз. Өз өмiрлерiн тәуекел етiп, халық үшiн қызмет еткен әрбiр ерiктi кұрметке лайық.
Ермек пен көмек арасы сан шақырым болғандықтан, ерiктiлiк мен үшін қолдан келгенше көмек болып қала бермекші. Өз өмiрiн қайырымды істерге арнаған адам, бiздiң ертеңiмiз. Олардың саны жыл санап көбеюi мемлекетiмiз үшiн өте үлкен бастама. Ерiктiлiк — ерлiк, заман талабы және әркiмнiң жеке өз таңдауы.
Мөлдір Түктібай,
Титов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы