Пестицидтерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер ғана қолдануға жатады.

Пестицидтерді қолдану тіркеу куәлігі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Пестицидтармен істелетін барлық жұмыстар тігілген және нөмірленген журналда тіркеледі,оларда міндетті түрде мынандай мәліметтер көрсетіледі: Пестицидтердің атауы; Әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер жіктемесіне сәйкес пестицидтің қауіптілігі; Организмнің атауы; Жұмсау нормасы; Ертіндінің көлемі; Ертіндінің дайындалған күні;Өңдеу түрі( жер үсті, авияциялық, аэрозольдік); Орны мен алаңы; Өңделген күні; Өңделген дақылдың түрі.
Пестицидтармен жұмыс істелетін орындар пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі құралдармен, нұсқаулармен, жадынамалармен қамтамасыз етіледі,3-4 км аумағында ара омартасы және мал болмау тиіс.
Пестицидтерді қолдану пайдалану регламентеріне (жұмыс нормасы,өңдеу тәсілі мен еселігі,шектеулер,күту мерзімдері, ұсынылған жеке қорғаныс құралдарынан қолдану) сәйкес жүзеге асырылады. Қолдану барысында регламентті мейлінше сақтап, арнайы киім, респиратор киіп, қауіпсіздік техникасы сақтаулауы тиіс.
Пестицидтармен жұмыс істейтін жұмысшы медициналық тексеруден өтіледі.
Пестицидтармен жұмыс істеген кезде жұмыс орындарында темекі шегуге,ашық отты пайдалануға,тамақ ішуге жол берілмейді.
Өсімдіктерді пестицидтармен тозаңдатуды және бүріктіруді ерте және кешкі желдің жылдамдығы жерүсті аппаратурасын қолданған кезде 3 м/с және авияцияны қолданған кезде 2 м/с аспағанда жүргізуге рұқсат етіледі.
Жалпы өсімдік қорғау препараттарын күн ыстықта, желді-жаңбырлы ауа-райында қолдануға қатаң түрде тыйым салынады. Себебі, күн ыстықта жер бетінен жылы ауа жоғары көтерілетіні белгілі, өте ұсақ тамшымен шашылған пестицидтің әсерлі заттары буланып, жоғары қозғалған ауа ағысымен көкке ұшып кетеді. Желтең күні шашылған дәрі желмен мүлде басқа жаққа ұшып, адамдарды, малды улап, зиянын тигізеді. Жаңбырлы күні шашылған пестицидтерді жаңбыр шайып кететіндігі айтпаса да түсінікті. Пестицидтерден босаған ыдыстарды тұрмыста қолдануға мүлде болмайды.
Жеке және заңды тұлға жоғарыдағы көрсетілген қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Респуликасының заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жазаға тартылады.

Ғ. Керимбаев, Ескелді аудандық аумақтық инспекциясының
Өсімдіктерді қорғау инспекторы