Тақырыпты орыстың ұлы белгілі фармакологы И.Догельдің сөзімен бастайық. Енді тарқата айтсақ, темекі – заңды түрде қолдануға болатын есірті түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал, және алколоидтер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30-дан астам улы заттар бар. Темекі шегу – денсаулыққа зиянды әсер ететін ең көп тараған зиянды әдеттердің бірі. Темекі түтінінің ең зиянды бөлігі – никотин. Айтулы қоспа миға темекіні тартқаннан 8 секундтан кейін келіп түседі. Әрбір тартылған темекі өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады.
Шылым түтінінің зияны мынадай қауіп-қатер тудырады:
- үнемі түтінмен демалғаннан дауыстың қарлығып, жөтел пайда болады, ауыз қуысының, көмей мен бронхтың обырын тудыру мүмкін
- темекі түтінінің әсері көздің жасын ағызады, ол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
- шылымдық қоспалардың улы әсері жүректі айнытуы, құстыруы, артериялық қысымды жоғарылатуы, жүрек қағысын жиілетуі, құрысу мен ес жоғалту және т.б. жағдайлар туғызуы мүмкін,
- шылымдық қоспаларды тұтыну психологиялық аурушаңдыққа, мүгедектікке алып келеді.
Темекіні тастау арқылы ағзада мына өзгерістер болады:
20 минуттан кейін артериялық қысым төмендеп, тамыр соғысы қалпына келеді;
8 сағаттан кейін қандағы көміртегі тотығының деңгейі төмендейді, қан құрамындағы оттегі қалыпты деңгейге дейін жоғарылайды;
4 сағаттан кейін жүрек ұстамасы қаупі төмендейді;
48 сағаттан кейін дәм мен иіс сезу қабілеті артады;
2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады, өкпе қызметі жақсарады;
1-9 айдан кейін жөтел, мұрынның бітелуі мен шаршау және алқынып дем алу азаяды;
1 жылдан кейін ишемиялық жүрек ауруымен ауру қаупі 2 есеге төмендейді;
5 жылдан кейін ауыз қуысы, көмей мен өңештің сілемейлі қабығының обыры қаупі 2 есеге қысқарады, инсульт қаупі ешқашан темекі шекпеген адамдағыдай төмендейді;
10 жылдан кейін өкпе обырымен ауыру қаупі 2 есеге төмендейді. Саулығыңыз өз қолыңызда. Шылымнан бүгін бас тартыңыз.
Г.Калиякберова, аудандық аурухана маманы