25 мамыр күні Алматы облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Балалар жылы аясында зияткерлік және шығармашылық іс-шаралар жеңімпаздарын «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығында марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шарада Ескелді ауданынан Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сабыр Дильназ Мұратханқызы жалпы білім беру пәндер олимпиадасының республикалық кезеңінде III орын иеленгені үшін облыс әкімінің Алғыс хаты, медалімен және ақшалай сертификатымен марапатталды. Оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі