1-ші маусым Халықаралық  Балаларды қорғау күні «Әрқашан күн сөнбесін!»

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі, бөлімше қызметкерлері 1-ші маусым Халықаралық  Балаларды қорғау күніне орай  «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шарасын ұйымдастырылып,  аудандық мәдениет үйінде өткізілді.

Бөлім басшысы Бейсбаев Асхат Калымжанұлы барлық балаларға  ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі, қуанышты сәттер көп болсын деп жылы лебізін білдірді. Іс-шарада «Алиназ» би ансамблінің «Бүлдіршін» тобы «Роккер», «Мереке» биімен қызықтырды,  кішкентай  ханшайымдар «Мир  похоже на  цветной  луч», Ержанқызы Нуриланың «Өмір сұлу» атты  әндерімен тамсандырды. Сонымен қатар «Қуыршақ театры»  аниматор шақырылып балаларды қызыққа бөледі. Іс-шара соңында «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек» көрсету бөлімшесі есебінде тұрған 62 қызмет алушыға сыйлық таратылды.

 Осындай мерекелік шараның өтуіне қол ұшын созған, демеушілік көрсеткен: «Нұрлы тау»,«Оптомир», «Овация»,« Православная Церковь», «Балалар әлемі», Кафе  «Нұр», « Витязь», «Светафор», «Болашақ», «Көк жазық», «Алмас» тіс емханасы, «Көктем», «Люкс», «Пельменныий цех», «Жасмин», ТОО «Тасун» фирмасы, Жеке кәсіпкер Омаров Думан, Кафе «Ханшатыр», асхана «Балбармақ», «Алдаберген а/о жеке кәсіпкер  Жанар Касымовна,Жеке кәсіпкер «Нұржігіт», фотосалон «Жанар», «Әлем» кеңсе тауарлар, «Аудандық мешіт» барлық демеушілерімізге жұмыспен қамту бөлімінің және ата-аналардың атынан айтар алғысымыз шексіз!

ЖШ Ақпарат