«НАУРЫЗ CHALLENGE» — ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде әлеуметтік мәселелерге аса маңыз беру бастамасын көтерді. Бастаманы жүзеге асыру мақсатында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін «Наурыз Challenge» республикалық акциясы бастау алды. Мейірімділік акциясы Ескелді ауданында 11 наурыздан бастап іске асырылды.

Қайырымдылық шарасы аясында Қарабұлақ  ауылындағы бөдене жұмыртқасын өңдеу және дайындау бойынша «Сәлем Құс» ЖШС директоры Бағдат Серқожаев пен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Идрисов Өрқусақ ауылының тұрғыны, көп балалы ана И. Базарбаеваны Наурыз мерекесімен құттықтап, отбасына азық-түлік жинақтарын, балаларына киім-кешек және т.б. әлеуметтік жағынан көмектерін көрсетті.

Дәулет ИДРИСОВ,

«Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.