«БАСТАУ БИЗНЕС» БАСТАУ АЛДЫ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру жұмыстары ауданда қарқынды түрде жүргізілуде. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының ережесіне сәйкес ауданда комиссия құрылып бекітілді. 2019 жылғы 11-12 наурыз кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысуға үміткерлер арнайы белгіленген тесттен өткізілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ауданда 14 наурыздан бастап оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Алғашқы күннен бастап оқуға қатысушыларға жобаның бизнес-тренері Ж.Супабеков жобаның негізгі ережелерін, оқу бағдарламасы мен оның мерзімін және кәсіпкерліктің қыр-сырына қатысты мағлұматтар берілетінін атап өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры А.Тайжанов Елбасының 5 негізгі бастамасына шолу жасады. Сонымен қатар аталмыш бағдарламаға ұйытқы болып отырған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы екенін айтты. Бұл бағдарлама жалпы жұмыссыз отырған немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға беріліп отырған зор мүмкіндік екендігін де жеткізді. Ал аудандық палата филиалының үйлестірушісі Е.Молдахметова «Бастау Бизнес» жобасына қатысушыларға жобаның ережесіне сәйкес 3 күннен артық себепсіз оқуды жіберіп алғандар бекітілген комиссия мүшелерінің шешімімен оқудан шығарылатынын ес-кертті.

Ескелді ауданында «Бастау Бизнес» жобасы басталғаннан бері оқуға қатысушыларға қосымша толыққанды мағлұмат беру үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің орынбасары Ж.Ағыбаев, жұмыспен қамту орталығы бөлімінің басшысы Қ.Кудьяров оқыту жұмысы барысында қатысты.

Жобаның оқыту жоспарына сәйкес теориялық негізден бөлек, жоба қатысушыларын іс жүргізіп отырған кәсіпкерлердің кәсіпорындарында қарастырылып отыр. Келесі «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасының екінші кезеңі жаз айына жоспарланып отыр. Яғни 3-4 маусым күндері тест өткізіліп, ал 6 маусымнан 3 шілдеге дейін оқыту жұмыстары жүргізілмек.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.