Шылым тартқаның – денсаулықты құртқаның

Салауатты өмір – жақсы күндердің кепілі. Салауатты өмірге құштарлық жас күннен бастау алады. Өскен орта, әке-шеше тәрбиесі бала ұстанымына әсер етпей қоймайды. Осы тұрғыдан алғанда біздің елдегі жасөспірімдердің денсаулық жағдайы қатты алаңдатады.
Бұл жалпы халықтың денсаулық көрсеткішіне әсер етеді. Сонымен қатар қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығына да салқынын тигізбей қоймайды. Темекінің зияны орасан. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе аяқтың) қатерлі ауруы – эндартеритпен ауырады.
Адамдар тартатын темекінің түтіні тәнге зиянды және улы заттардың жиынтығы болса, олардың ең қауіптісі – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.). Никотин ең улы. Салмағы 16-20 келі итке бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, олар бір минуттың ішінде-ақ өліп қалады. Адамды да бір тамшы никотин сеспей қатырады. 1 тамшы никотин 10-12 тал сигаретте болады. Тек темекі тартқанда адам ағзасы никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдайтындықтан адам бірден уланып өлмейді. Ал осындай улы затты жас бала пайдаланса қалай болады? Оның бүкіл өмірі зиянға ұшырайды ғой. «Темекі тартқан кезде жасөспрімдердің жадысы қатты зақымданады, темекі тарту жаттау жылдамдығын және жады көлемін төмендетеді. Сондай-ақ, қозғалыстағы реакцияны бәсеңдетеді, бұлшықет күші төмендейді, никотиннің әсерінен көз көргіштігі нашарлайды.
Жасөспірімдер темекі тартқан кезде көру қыртысының патологиясы пайда болады. Темекі шегетін жасөспірімдерде көз көру түс сезімталдығының өзгеруіне байланыс-ты бояуы өшкінденіп, сан алуан қабылдауы төмендеуі мүмкін. Бастапқыда оқу кезінде жылдам шаршағыштық байқалады. Сосын көзде шұбарлану мен қосарлану басталып, ақырында, көздің көргіштігі азаяды, темекі түтінен пайда болған жас ағу, қызару және қабақтың ісуі көру жүйкесін созылмалы асқынуға әкеп соғады. Никотин көз торқабығын өзгертіп, нәтижесінде жарыққа сезімталдық төмендейді.
Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің сілемейлі көз қабықшасы темекі түтіні өнімдерімен ластануына сезімтал келеді.
Никотин көз ішінің қысымын көтереді. Жасөспірім жасында темекі тартуды қою глаукома сияқты, қатерлі аурудың алдын алу факторының бірі болып табылады.
Жасөспірімдердің темекі тартуы көпшілігінің қалқаншабез қызметін белсендіреді, нәтижесінде темекі тартатын жасөспірімдердің тамыр соғысы жиілеп, температурасы артады, шөлдеу, ашуланғыштық пайда болады, ұйқысы бұзылады. Ерте бастан темекіге әуестік теріні – безеу, себореямен зақымдайды, бұл тек қалқаншабездің қызметін ғана емес, басқа да эндокриндік жүйенің басқа бездерін де өзгеіске ұшыратады. Темекі шекпейтіндерге қарағанда, темекі шегетін жасөспірімдер тамырының созылғыштығын жоғалту анағұрлым қарқынды келеді».
«Ата-ана өздері темекі тартпай, балаларына үлгі бола білсе, олар жастармен темекінің зияны туралы сөйлесе алар еді. Ата-ана мен отбасы мүшелері балалардың көзінше тым болмаса темекі тартпауы керек.
Әрбір бала өз психикасында ересек болудың бір көрінісі темекі тарту деп ойлайды. Яғни, бала бүкіл нәрсені үлкеннен үйренеді. «Біреуді түземес бұрын, өзіңді түзе» деген данышпан сөзі бекер айтылмаса керек-ті.

Г.Калиякберова
ШЖҚ «Ескелді аудандық ауруханасы»
МКК СӨСҚ кабинетінің валеологы