Құрметті референдумға қатысушы!/Уважаемый участник референдума!

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Құрметті референдумға қатысушы!

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5-маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.

Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз – референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2022 жылғы 20-мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

Әркімнің дауысы маңызды!

***

ОБРАЩЕНИЕ Центральной комиссии референдума

Уважаемый участник референдума!

Если Вы гражданин Республики Казахстан, достигший на день голосования 18-летнего возраста, и обладаете активным избирательным правом, Вы имеете правовое основание участвовать в республиканском референдуме по поправкам в Конституцию Республики Казахстан, назначенном на 5 июня 2022 года.

Гарантией реализации конституционного права на участие в референдуме является включение Вас в списки граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме.

Списки составляются местными исполнительными органами (акиматами) на основании Вашей постоянной регистрации по месту жительства на территории конкретного участка для голосования. Временно зарегистрированные граждане включаются в списки на основании поданного заявления.

Участки для голосования создаются решениями соответствующих акимов, их границы публикуются в средствах массовой информации. Узнать свой участок и проверить свое включение в список Вы можете, обратившись в местный исполнительный орган. В случае отсутствия в списке, Вы вправе подать соответствующее заявление в акимат.

С 20 мая 2022 года на своем участке Вам будет предоставлена возможность проверить данные о себе в списке граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме. При необходимости внесения каких-либо изменений, Вы сразу сможете обратиться с заявлением в участковую комиссию референдума.

Призываем всех проявить гражданскую ответственность и реализовать свое право на участие в республиканском референдуме!

Важен голос каждого!