Бүгін Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі және аудандық білім саласындағы қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Қаратал ауылы, Қаратал орта мектебінде аудандық «Үздік сынып жетекші-2022» байқауы өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрды:
1 кезең — электронды портфолио алдын ала қабылданып, ұстаздардың әдістемелік портфолиолары бағаланды, нәтижелері экранда көрсетілді;
2 кезеңде – қатысушылар «Мен және менің сыныбым» тақырыбында презентация форматында жұмыстарын ортаға салды;
3 кезең — импровизациялық тапсырма болды. Байқауға қатысушылар 3 минут ішінде берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін таныта алды.
Байқаудың үш кезеңі де аяқталып, әділқазылар алқасы қорытындысын шығару кезінде байқау қатысушылары мен қонақтарға концерттік бағдарлама көрсетілді.
Байқау нәтижелері шығарылып, марапаттау рәсімі жүргізілді.
Қорытынды бойынша орта мектептер арасында:
1 орын — Р.Алтыбаева, Алдабергенов АОМ,
2 орын — А.Жумагалиева, Абай АОМ,
3 орын — М.Кайсанова, Жақыпбаев АОМ.
Негізгі орта мектептер арасында:
1 орын — Р.Құрманбек, Мичурин АНОМ,
2 орын — Ж.Төлеубаева, О.Кошевой АНОМ.
Номинациялар бойынша:
«Жаңашыл педагог» — А.Калиева, Қаблиса жырау АОМ,
«Шебер педагог» — Б.Ахметова, Ш.Уәлиханов АОМГ,
«Үздік портфолио» — Г.Габдулина, Балпық би АОМ,
«Ізденімпаз сынып жетекші» — М.Бекбаева, Қаратал ОМ,
«Креативті педагог» — Г.Ахметова, Титов АОМ
Бас жүлде иегеріне аудандық білім саласындағы қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан «Жаркент — Арасан» шипажайына 5 күнге жолдама, 2-3 орын және номинация иегерлеріне «МультиДом» сауда үйінің ақшалай сертификаттар берілді.
Құттықтаймыз!