«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.
Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы есеп.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ресми сайтына орналастырылған.
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/303871?lang=kk
Құжаттарды жіберу үшін байланыстар:
Ugu.almo@mail.ru;
l.nurtazina@Kyzmet.gov.kz;
Анықтама телефондары: 8-771-577-47-86.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша Департаменті