Жүлделеріңіз құтты болсын

2022 жылдың мамыр айының 6-9 аралығында Нұр Сұлтан қаласында XV-Халықаралық балалар шығармашылығы Фестиваль-байқауы өткізілді. Айтулы өнер додасына Ескелді ауданынан «АЙАНА» өнер және спорт мектебінің оқушылары би номинациясы бойынша топтық билермен үлкен сахнада өнер көрсетіп, ауданымыздың мерейін асқақтатып қайтты.  

Бас жүлдемен «АЙАНА»  би ансамблінің кіші және жоғары тобы, «АлиНаз» би ансамблінің бүлдіршін тобы, «Ұлытау» би ансамблінің аралас тобы,

1-дәрежелі Диплом лауреаттары «АЙАНА» би ансамблінің орта және бүлдіршін тобы, «АлиНаз» би ансамблінің жоғары тобы,

2-дәрежелі Дипломмен «АлиНаз» би ансамблінің аралас тобы жүлделі орындармен марапатталып қайтты.

XV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының ашылу салтанатын «АЙАНА» би ансамблі ашты.

Еліміздің астанасы Нұр Сұлтан қаласында өткен өнер додасына бүлдіршіндерден бастап жоғары топқа дейін би өнеріне баулып, шеберліктерін шыңдап дайындаған хореограф мамандар Жанар Бешенге, Баймухамбетова Айнұр Естемесқызына, жас таланттардың өнерін қолдап, үлкен сахнаға шығуына жол ашқан ата-аналар қауымына шексіз алғысымызды білдіре отырып, мерейлерің әрқашан үстем болып, шығар белестерің көп болсын деген ниетпен шығармашылық табыстар тілейміз!!!

Жүлделеріңіз құтты болсын!!!

А.Комекова, Аудандық мәдениет үйінің әдіскері