«География сабағындағы статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау әдістері» тақырыбында семинар өткізілді

04 мамыр күні Балпық би атындағы орта мектептің базасында Ескелді ауданының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен география пәнінің мұғалімдерімен «География сабағындағы статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау әдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды Балпық би атындағы орта мектебінің психологі Касенова Жулдыз Сайлауовна «Хорошее настроение — залог здоровья!» тақырыбындағы тренингпен бастады.

Іс-шара барысында Балпық би атындағы орта мектебінің мұғалімі Байтурганова Дарига Аскарбековна «Работа со статистическими источниками информации на уроках географии», Қаратал орта мектебінің мұғалімі Уразбаева Асия Сабитовна «География сабағында статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу әдістері», Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің мұғалімі Нестеренко Анжелика Викторовна «Барьеры и трудности с которыми сталкиваются учителя и ученики во время проведения СОЧ за четверть по предмету география», Мичурин негізгі орта мектебінің мұғалімі Ахметова Сауле Сериковна «География сабағында әдіс-тәсілдердің тиімділігі», Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің мұғалімі Алпарова Маржан Султанбековна «География пәнінен геграфиялық есептерді шығаруда сандық білім ресурстарын қолдану», М.Маметова атындағы орта мектебінің мұғалімі Алиева Назым Турганбековна «География пәнінен электронды ресурстарды пайдалану негізінде білім алушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту әдістері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар аудан әдіскері М.Бодауовтың ұйымдастыруымен «Мектеп бітіруші сыныптардың қорытынды аттестатталуы» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға 20 мұғалім қатысты.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі