Құрметті отандастар, қадірлі жерлестер!Уважаемые соотечественники, земляки!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді.
Тұңғыш Президенттің сындарлы саясаты арқасында аз уақыт ішінде қазіргі заманға сай армия құрылып, 30 жыл бойы еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі болып табылады.
Бұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің ортақ міндетіміз – соғыстың болуына жол бермей, еліміздің тыныштығын сақтап, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау».
Қан майдандағы шайқаста Жеңіс туын желбіреткен, тылдағы қажырлы еңбегімен Жеңісті жақындатқан қымбатты ардаргерлер, бейбіт өмірде ел тыныштығын қорғауда тұрған жауынгерлер, мереке күні құтты болсын!
Сіздерге қасиетті Отанымыз – Қазақстанның айбынын асқақтатып, оны қорғау жолындағы абыройлы істе толағай табыс тілеймін!

Рустам Али,
Ескелді ауданының әкімі.

Поздравляю вас с Днем защитника Отечества и Днем Великой Победы!
Лучшие традиции казахстанской армии являются естественным продолжением героизма наших предков, отважно защищавших родную землю, а также беспримерных подвигов участников Великой Отечественной войны. Свою боевую выучку и крепость духа военнослужащие успешно демонстрируют и в наши дни.
Под руководством Первого Президента за небольшой по историческим меркам период была создана современная армия, которая вот уже 30 лет является гарантом суверенитета и территориальной целостности нашего государства.
В этот славный день мы чествуем всех, кто посвятил себя ратному делу и хранит верность присяге.
Как отметил глава государства Касым-Жомарт Токаев: «Наша общая задача – каждый день содействовать сохранению мира для нашего народа, чтобы трагические события никогда не повторялись».
Поздравляю с этими праздниками всех, кто ковал Победу на фронтах и в тылу, кто посвятил жизнь защите Отечества, и тех, кто сегодня стоит на страже безопасности страны.
Желаю крепкого здоровья, семейного благополучия, мирного неба над головой и дальнейших успехов в работе на благо нашей Родины — Республики Казахстан.

Рустам Али,
аким Ескельдинского района.