Қазақстан Республикасы электрондық үкіметтің порталы — ол сіз бен біздің күнделікті электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы өзімізгі қажетті мемлекеттік қызметтерді алу.
Осыдан он шақты жыл бұрын бір құжаттты алу үшін құшақ-құшақ қағаз жинау жиі орын алатын құбылыс еді. Ол құжаттардың әрбіреуін бөлек — бөлек мемлекеттік мекемелер береді, оны алу үшін адамдар сол ұйымдардың есігінің алдында сағаттап кезекке тұратын. Жүйкесі сыр беріп, шыдамы таусылғандар оларды аяғына дейін жинай алмай, орта жолда «адасып» қалатын жағдайлар да кездесетін.
Сондықтан да Egov.kz порталында мемлекеттік қолда бар барлық ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін сағаттап кезекке тұрмай-ақ қызметті жылдам алу мүмкіндігі туып отыр. «Электронды үкімет енгізу» сыбайлас жемқорлық сияқты зиянды құбылыстың азаюсына ықпал етті, мемлекеттік құрылымдардың ашықтығын арттыра түсті және мемлекеттік органдарға өтініш қалдыру жеңілдеді. Үйден шықпай-ақ бар шаруаңды Egov.kz порталы арқылы тындырасың. Қазір мемлекеттік қызмет пен сервистерді бірнеше жол мен алуға болады.
Олар Egov.kz порталы @Egov.kzBot2 Telegram, eGovMoble қосымшасында. Қарабұлақ ауылдық округінде электронды мемлекеттік қызметтерді алу үшін әкімшілік ғимараты мен мекетептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары күнделікті жұмыстарын атқаруда. Округте жыл басынан 4000 адам электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша және медициналық ұйымға тіркеу, зейнетақы аударымдары, денсаулық сақтау, соттылығы болуы не болмауы туралы анықтамалар және тағы басқа да көптеген қызмет түрлерін ала алады.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімшесі